» Материалы за 22.10.2015

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

тарихы

Автор: admin от 22-10-2015, 13:05, посмотрело: 353

0 Мектептің жаны – мұғалім.
Мұғалім қандай болса, мектебі
һәм сондай болмақшы.
А.Байтұрсынов


      «№86 мектеп-гимназия» КММ ғимараты Алматы қаласы, білім басқармасынан 1977 жылы пайдалануға берілген. Ғимарат үш қабатты, өрт қауіпсіздігі құрылғысы қойылған, тәулік бойы күзетіледі. Жылу жүйесі автономиялық, кедергісіз жұмыс істейді. Мектеп аумағы жабдықталған. Мектеп Мемлекеттің Алматы қаласы Әкімдігіне қарасты.
1977 жылы мектептің ірге тасы қаланды. Мектеп 1980 жылы қазақ мектебі болып қайта ұйымдастырылып, 1992 жылы гимназия ретінде ашылды. 1995 жылы №86 мектеп-гимназия білімі және тәрбие саласында жоғары нәтижеге жеткендігін куәландыратын заңды сертификатқа ие болды. 1996 жылы қараша айында конкурсқа ұсынылған жаңа типтегі гуманитарлық №86 мектеп-гимназиясының оқу бағдарламасы американдық Сорос-Қазақстан қорының грант сыйлығымен марапатталды. Америка штатының Тусон қаласына білім саласының тәжірибе алмасу бағдарламасымен №86 мектеп-гимназиясы оқушыларынан делегаттар барып, олардан келген делегаттар мектепте қабылданды. 1998 жылы қала әкімінің "Ең жақсы мектептер” конкурсында ІІ жүлделі орынды мектеп ұжымы жеңіп алды.
Алматы қаласының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының атауларын өзгерту туралы 20.09.2011 жылғы №3/754 қаулысы негізінде Алматы қаласы Әуезов аудандық оқу бөлімінің «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесінің атауы Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Категория: Мектеп

 

Мектептің тарихы

Автор: admin от 22-10-2015, 08:51, посмотрело: 392

0 Тарихы
Жетістіктері
Байланыс телефондары (телефондар, электрондық мекен-жай, мекен жай)

Категория: Мектеп