Әкімшілік

Автор: admin от 20-11-2016, 03:38, посмотрело: 185

0 Әкімшілік
Мусаева Қалдықыз Айтжановна 2011 жылдан қазірге дейін Алматы қаласы №86 мектеп-гимназияда директор қызметін атқарып келеді.
Қалдықыз Айтжановна - қазіргі ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруда және білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеуде тынбай еңбектеніп жүрген ұстаз. Шығармашылық ізденіс тақырыбы: «Электронды оқыту әдісі арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру» болғандықтан, білім берудің жаңа технологияларын, ақпараттық-коммуникативті құралдарды. ACTIVBODE бойынша тестілеу әдістерін, Internet, E-mail және қашықтан оқытудың электрондық түрлерін, яғни электрондық оқулықтарды өз сабақтарында жүйелі пайдаланып отырады. Сонымен қатар оқушылардың тұлғалық дамуын психологиялық зерттеу және кешенді диагностикалаудың компьютерлік әдістемелерін белсенді қолдана білетін білікті маман.
Сабақтар жүйесін А.Окуневтің классификациялауы арқылы, атап айтқанда, материалды еске сақтауға үйрену, берілгендерімен сәйкес қоя отырып, нәтижелерді тексеру, шығармашылықты талап ететін практикалық жұмыстарды пайдаланады. Шығармашылық ізденіс жолында ұстаз «Мектеп оқушыларының тізіміне мәліметтер базасын құру», «Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі» тақырыптарында әдістемелік құралдар және 1-4 сыныптардағы информатика курсына авторлық бағдарлама үлгісін дайындады.
Мусаева Қалдықыз – білімі мен әдістемелік шеберлігін ұштастыра отырып, әр оқушының бойына білім нәрін жеткізе білетін ұлағатты ұстаз, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, дүние танымы кең, білікті басшы.
Ол мектептің ұстаздар ұжымын оқушыларға жан-жақты сапалы білім беретін – шебер ұстаздар орталығына айналдыруда аянбай еңбек етуде.
Мектеп-гимназия шәкірттерінің көбі, мектептің маңдай алды оқу үздіктері, республикамыздың әр түпкірінде еңбек етіп жүрген білімді маман иегері.
Ол – ұстаздар ұжымы, ата-аналар, оқушылар алдында зор абыройға ие болған беделді басшы.шаблоны для dle

Категория: Әкiмшiлiк

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.