Әкімшілік

Автор: admin от 22-09-2016, 03:24, посмотрело: 112

0 Әкімшілік
Башаева Жанар Жолдыбаевна - жоғары деңгейдегі жоғары біліктілік санатты бастауыш сынып мұғалімі. 2012 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Башаева Жанар Жолдыбаевна – шығармашылықпен айналысатын, ізденімпаз, талап қоя білетін, әр іске тиянақтылықпен, жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Жанар Жолдыбаевнаның алдына қойған проблемалық мақсаты сабағында баланың логикалық ойлауын, шебер сөйлеу қабілетін халық педагогикасын және ойын элементтерін пайдалана отырып арттыру болса, ұстаз бұл проблеманың жүзеге асуына әр сабағында зор көңіл бөліп отырады. Жаңашыл ұстаз өз сабақтарын үнемі заман талабына сай жаңа технологияларды, озық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізеді. Тіл дамыту жұмысында негізінен оқушылардың ойын жүйелі айтуға үйретеді. Сабағында жаңа технологиялық үрдістерді тиімді пайдалана біледі, оқушыларды тыңдау, оқу, жазу, екеу ара сөйлесу, жеке тақырыппен жұмыс жасауға үйрету үшін әр түрлі сабақтың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.
Башаева Жанар Жолдыбаевна – үлгілі ұстаз, адамгершілігі жоғары, жанашыл ұстаз. Ұжыммен, оқушылармен ынтымақтастықта тығыз жұмыс жасайтын ізденімпаз ұстаз. Ұстаз өз ісіне адал берілген, жауапкершілігі мол, әріптестер, оқушылар, ата-аналар арасында беделді. Оқушыларды жоғары адамгершілік құндылықтарға, ұлттық патриоттық сезімге, дербестікке тәрбиелейді.шаблоны для dle

Категория: Әкiмшiлiк

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.