Хабарландыру "Ыстык тамак" сатып алу » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
июнь
2014

Хабарландыру "Ыстык тамак" сатып алу

 

Конкурс туралы хабарландыру

Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия » коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Почталық мекенжайы: 050036 , Қазақстан , Алматы қаласы ,Әуезов ауданы, 6 ықшам ауданы, 63 үй

http://86.alschool.kz
орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Қызмет төмендегі мекен-жайда көрсетіледі:

Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 6 ықшам ауданы, 63үй

Жалпы оқушы саны: 1080

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақпен қамтылатын оқушы саны: 444

Бюджет қаражаты есебінен бөлінетін қаражат сомасы: 10831 854 теңгені құрайды (қосымша құн салығынсыз, ары қарай ҚҚС).

Қызмет көрсету мерзімі 2014 жылдың 1 кыркүйегінен бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2014 жылғы "24" маусым сағат 16.00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Әуезов ауданы 9 ықшам ауданы , 16 үй ,Алматы қаласы Білім басқармасының «№5 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бөлме №35, 2 қабат, сағат 10.00-дан 17.00-ге дейін және/немесе http://86.alschool.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мына мекенжай бойынша Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 9 ықшам ауданы , 16 үй, 2қабат, 35 бөлме, Алматы қаласы Білім басқармасының «№5 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жібереді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2014 жылдың 24 маусымында сағат 16.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2014 жылдың 24 маусымы сағат 17.00-демына мекенжай бойынша Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 9 ықшам ауданы , 16 үй, 2қабат, 35 бөлме, Алматы қаласы Білім басқармасының «№5 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

ашылады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға
болады: 8(727) 303-81-15

konkurskaz.doc [187,5 Kb] (cкачиваний: 37)
Посмотреть онлайн файл: konkurskaz.doc