Техникалык тапсырма » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
июнь
2014

Техникалык тапсырма

 

Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы

№86 мектеп- гимназия » КММ алушыларды тамақтандыруды

ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді

таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

 

Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия » КММ білім алушыларды тамақтандыруды

ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау

бойынша конкурстық құжаттамаға

техникалық тапсырма

Қызмет корсету орны:

Мекен жайы: Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия » КММ Алматы қаласы ,Әуезов ауданы, 6 ықшам ауданы, 63 үй

Қызмет көрсету мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны (ары қарай - қызмет) 1080 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар - 444.

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 10831 854 теңгені құрайды (қосымша құн салығынсыз, ары қарай ҚҚС).

Күнделікті ас мәзірі Алматы қаласы Білім Басқармасы бекіткен ас мәзірімен, тамақ рационы, салмағы және бағасы сақтала отырып жасалады.

Конкурсқа қатысу кезінде әлеуетті өнім беруші қызметтерді көрсету кезінде төмендегі талаптарды сақтауға және оларды құжаттама түрінде (құжаттар конкурстық өтінімнің ішінде болуы қажет) қамтамасыз етуі қажет:

- тұтынушылардың денсаулығы үшін сапа мен қауіпсіздікке кепіл болатын тағамдар мен тамақтарды әзірлеу және жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау үшін қажетті жағдайларды жасау;

- жұмысқа кәсіби, гигиеналық дайындықтан және атестациядан өткен, денсаулығына байланысты рұқсат алған тұлғаларды қабылдау;

- әрбір қызметкерге жеке медициналық кітапшаларының болуын;

- барлық қызметшілердің жұмысқа кірісу кезінде және мерзімдік медициналық байқаудан уақытылы өтуін (медициналық мекемемен келісім шарты);

- күн сайын қажетті құжаттаманы жүргізу (бракераж журналы, қызметшілердің жедел респираторлық және іріңді жара ауруларын тексеру журналы, баска да журналдарды);

- қызметшілердің жұмыс орнын Қазақстан Республикасы қолданыстағы Заңнамасына, санитарлық ережелеріне, гигиеналық нормативтеріне сәйкес қамтамасыз ету;

- қызметшілердің жұмыс киімінің үздіксіз орталықтандырылған жуылатын, жөнделетін орнын және арнайы киіммен үш жиынтықтан кем емес қамтамасыз ету;

- жыл сайын жұмыс басталар алдындағы технологиялық, тоңазытқыштық, ауа тазартатын және басқа да құрылғылардың тексерісін жасау;

- өндірістік құралдардың жеткілікті мөлшерде, ыдыстың, жуатын және залалсыздандыратын құралдармен (ҚР қолдануға рұқсат етілген) және басқа да материалдық – техникалық жарақтандырудың түрлерімен қамтамасыз ету;

- жүргізілген жұмыстар туралы актінің болуымен қоса жұмыс орнын дезинфекциялау, дезинсекция және дератизациялау жүргізу;

- алғашқы медициналық көмек көрсету үшін арнайы дәріқобдишасы және уақытында толықтырып отыру;

- қызметшілерімен семинар, әңгімелесу, лекция түрінде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізіп отыру;

- өрт сөндіру құралдарының болуы. Әлеуетті өнім беруші білім алушыларды тамақтандыру жөніндегі байқауға бірінші рет қатысқан жағдайда кепілдеме – хат беруіне құқығы бар;

- азық блогына келіп түсетін азық-түліктер өнімнің санитарлық - гигиеналық талаптарына сәйкестігі жөнінде, яғни өнімнің шығуы, сапасы және қауіпсіздігі, өнімнің сақталу мерзімі, өндірілген уақыты жөніндегі жолдама құжаттары болуы қажет. Жолдама құжаттар өнімнің пайдаланылып бітпейінше сақталуы қажет;

- қызмет көрсету кезінде пайдаланатын негізі тамақ өнімдерінің сапалық сертификаттары болуы қажет;

- дайын тамақты жіберу тек алдын-ала дәмін, сапасын, қауіпсіздігі сынама алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Тамақтың сапасын бағалауды, тамақтың құрамындағы органолептикалық көрсеткіштердің барын 3 адамнан кем емес бракераж комиссиясы жүргізеді: медициналық қызметкер, азық блогының жауапты адамы және мектеп әкімшілігінің өкілі (тексеру тікелей тамақ дайындалған ыдыстардан алып тексеріледі). Ұсынылған үлгіге сәйкес (санитарлық ереженің 10 қосымшасы 2 форма) бракераж қорытындысы «Дайын аспаздық өнімдердің бракераж журналына» тіркеледі. Гигиеналық талаптарға сәйкес тамақтың ас мәзірінің әрбір порциясы шығу салмағына сәйкес болуы қажет. Тамақты дайындаудың технологиясы бұзылған кезде, сондай-ақ дайын болмай қалған жағдайларда, анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін, тамақ жіберуге босатылмайды.

- Күн сайын жұмыс басталудың алдында медициналық қызметкер білім беру мекемесінің қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын қызметкерлердің қол терісінде және дененің ашық жерлерінде ірің ауруларының сондай-ақ ангина, жоғарғы тыныс алу мүшелерінің катаралды көріністерінің болмауына тексереді;

- тез бұзылатын, арнайы сақтауды қажет ететін азық-түлік өнімдерінің бұзылмауын бақылау мақсатында термометрлерді (сынап түрінен басқа) қолдану арқылы тоңазытқыш құралдарындағы температуралық режимнің сақталуын бақылау. Ұсынылған үлгіге сәйкес (санитарлық ереженің 10 қосымшасы 5 форма) температуралық режимді бақылайтын арнайы құрал болмаған жағдайда ақпарат «Тоңазытқыштың температуралық режимін тіркеу журналына» енгізіледі;

- тамақтың технологиялық дайындау үдерісінің сақталуын бақылау мақсатында дайындалған тағамдардың әрбір ауысымынан тәуліктік сынама алынады. Тәуліктік сынама алуды осы санитарлық ережелердің 11 тармағындағы сынамаларды алу бойынша ұсыныстарға сәйкес азық блогының қызметкері (азпазшы) жүзеге асырады. Тәуліктік сынамалардың дұрыс алынуына және сақталу жағдайларының дұрыстығын бақылау медициналық қызметкер жүзеге асырады.Тәуліктік сынама тамақ пайдаланылғаннан кейін бір тәулікке дейін сақталуы тиіс.

- өндірістік ортаның заттары болып табылатын жабдық, мүлік, үлкен көлемдегі және басқа да ыдыстар, қолданылатын инвентарлар, бекітілген қоғамдық ұйымдардағы тамақтанудың санитарлық - эпидемиологиялық талаптарына сәйкес арнайы рұқсат етілген материалдардан жасалуы қажет;

- өндірістік үй-жйларда орнатылған барлық технологиялық және тоңазытқыштық жабдықтарының барлығы тиісті жұмыс жағдайында болуы тиіс және жыл сайын оларды тексерістен өткізіп отыру қажет;

- қандай да бір технологиялық жабдықтар істен шыққан кезде ас мәзіріне өзгерістер енгізіп және дайын тағамдарды өндіру кезінде осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет;

- осы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес жуу және залалсыздандыру ережелерін сақтау мақсатында бір отыратын орынға 3 жиынтықтан кем емес жеткілікті мөлшердегі ыдыстармен және құралдармен,сондай-ақ тарату желісінің маңында оны сақтау үшін шкафтармен қамтамасыз ету туралы міндеттеме-хаты;

- азық өнімдерімен байланысты болатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына жауап беретін тамақтануды ұйымдастыру кезінде фарфор, фаянс жәнне шыны ыдыстар (тарелкалар, табақшалар, шыныаяқтар, бокалдар) қолданылады. Асхана ыдыстары (қасықтар, шанышқылар, пышақтар), дайын тағамдарды дайындау және сақтауға арналған ыдыс тот баспайтын болаттан және немесе гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдар жасалуы тиіс;

- формасын өзгерткен, шеттері сынған, сызат түскен, эмалі бұзылған асхана және асүйлік ыдысты, алюминийден жасалған асхана құралдарын; пластмассадан және баспақталған фанерадан жасалған тақтайларды; сызат түскен және механикалық зақымданған тақтайшалар мен ұсақ ағаш құралдарын пайдалануға тыйым салынады;

- оқушылардың тамақтану кестесін жасау;

- кассалық аппараттардың болуы;

- азық өнімдерін және азық-түлік шикізатын жеткізу тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы беретін қорытындысы бар мамандандырылған көліктерде жүргізілуі тиіс. Жүргізуші мен экспедитордың жеке медициналық кітапшалары болуы міндетті;

- оқушылардың тамақтануында тыйым салынған тағамдарды, сондай-ақ газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарды, чипсыларды, сухарилерді және құрамында генномодификацияланған ингридиенттер бар тамақ өнімдерін, сондай-ақ шайнайтын сағыздарды тасымалдауды болдырмау туралы міндеттеме;

- мектептердің тамақтандыру блогында жыл сайын және қажеттілікке байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме.

- ас әзірлейтін бөлмеден шыққан қалдықтарды шығару және коммуналдық қызмет атқаруды төлеу міндеттеледі.

Директор _________ Мусаева К.А.

(қолы)

М.О.

04.06.2014 ж.