Директор сөзі » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2016

Директор сөзі

Директор сөзі

      Н.Ә.Назарбаев «Халқымыз бәсекелестікке төтеп берер жағдайға жеткенде ғана, Қазақстан бәсекелестікке төтеп бере алады. Бәсекелестікке төтеп беру білімділікте» деп атап кетті. Қазіргі ғаламдық экономиканың, жаңашыл технологияның даму үдерісінде әр адамнан біліктілік пен білімділіктің жоғарғы деңгейде болу талабы тұр. Елімізде сапалы білім берудің ауқымды жобасын жүзеге асырушылардың ішінде біздің мектебіміздің де бар екенін қуанышпен айта аламыз. Кезекті он жылдықта Қазақстан даму жағынан әлемдік аренада аяғына нық тұрған елдер қатарында. Бұл жағдайда әр Қазақстандықтың сіңірген еңбегі көп. Сондықтан, біздің еліміздің келешегі қандай болатыны біздің әрқайсымыздың қолымызда дегім келеді.
      Мектебі оқушыларға үздіксіз білім алуға, жоғары азаматтық құндылықтарды түсіне отырып өзге елдердің мәдениетін қабылдауға үйретеді. Біз Қазақстанның дамуы мен өркендеуінде білімділіктің негізгі құрал екендігін түсінеміз. Сіздердің дендеріңізге саулық, алдарыңызға қойған мақсаттарыңызға жетіп, биік шыңдарға өрлей берулеріңізге тілектеспін. Алтын  ұя мектебіміз  оқушыларға  терең білім беріп, жан-жақты дамытып, тәрбиелеп келеді. Сайтта  берілген  ақпараттық ресурстар  білім беру  үдерісіне  қатысушы  оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар мен мектеп  қызметкерлері үшін  маңызды.