Мектеп тарихы » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сентябрь
2016

Мектеп тарихы

Мектеп-гимназия тарихы

«№86 мектеп-гимназия» КММ ғимараты Алматы қаласы, Білім басқармасынан 1977 жылы пайдалануға берілген. Ғимарат 3 қабатты, өрт қауіпсіздігі қойылған, тәулік бойы күзетіледі. Жылу жүйесі автономиялық, кедергісіз жұмыс істейді. Мектеп аумағы жабдықталған.
1977 жылы мектептің іргетасы қаланды. Мектеп 1980 жылдан бастап қазақ мектебі болып, 1992 жылы гимназия ретінде ашылды. Білімі мен тәрбие саласында жоғары нәтижеге жеткен №86 мектеп-гимназиясы 1995 жылы заңды сертификатқа ие болды. 1996 жылы қараша айында конкурсқа ұсынылған жаңа типтегі гуманитарлық №86 мектеп-гимназиясының оқу бағдарламасы американдық Сорос-Қазақстан қорының грант сыйлығымен марапатталды. Америка штатының Тусон қаласына білім саласының тәжірибе алмасу бағдарламасымен №86 мектеп-гимназиясы оқушыларынан делегаттар барып, олардан келген делегаттар мектепте қабылданды. Мектеп-гимназия ұжымы 1998 жылы қала әкімінің «Ең жақсы мектептер» конкурсында ІІ жүлделі орынды жеңіп алды.
Алматы қаласының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының атауларын өзгерту туралы 20.09. 2011 жылғы №3/754 қаулысы негізінде Алматы қаласы Әуезов аудандық оқу бөлімінің «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесінің атауы Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
2015 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты атанып, Алматы қаласы әкімдігінің дипломымен марапатталды.

Похожие публикации:

01 март 2016 Хабарландыру
22 октябрь 2015 тарихы