Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ерте жүктіліктің алдын алу» сынып сағаты
30
апрель
2026
«Ерте жүктіліктің алдын алу» сынып сағаты
2026 жылғы 30 сәуір «Ерте жүктіліктің алдын алу» сынып сағаты Бұл сынып сағатының мақсаты – жасөспірімдерге ерте жүктіліктің салдары мен оның алдын алу жолдарын түсіндіру. Сабақ барысында оқушыларға денсаулықтың маңызы, жеке жауапкершілік, болашақты жоспарлау туралы ақпарат беріледі. Ерте жүктілік – тек денсаулыққа ғана емес, білім алуға, өмірлік мақсаттарға да кері әсер ететін маңызды мәселе екені айтылды. Оқушыларға өз құқығы мен міндеттері, қауіпсіз мінез-құлық, дұрыс шешім қабылдау
«Яссауитану» республикалық байқауының қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушысы Мамираим Өмірсерік дипломмен марапатталды
30
апрель
2026
«Яссауитану» республикалық байқауының қорытындысы бойынша
2026 жылғы «Яссауитану» республикалық байқауының қорытындысы бойынша мектебіміздің 7-сынып оқушысы Мамираим Өмірсерік жүлделі нәтиже көрсетіп, дипломмен марапатталды. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Богыбаева Улдана Ондасыновна. Шәкіртіміздің бұл жетістігі – ұстаз бен оқушының бірлескен еңбегінің, табандылығы мен білімге деген құштарлығының айқын көрінісі. Дарынды оқушымызға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Ұстаз еңбегіне алғыс
Біздің мақтанышымыз — Шері Әділет!
24
апрель
2026
Біздің мақтанышымыз — Шері Әділет!
Біздің мақтанышымыз — Шері Әділет! Мектебіміздің 10 "Ә" сынып оқушысы Шері Әділет таеквондодан өткен әлем чемпионатында жоғары шеберлік пен қайсар мінез көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл — тынымсыз еңбектің, табандылық пен үлкен дайындықтың нәтижесі. Осындай жетістік — тек спортшының ғана емес, бүкіл еліміздің абыройы. Әділеттің бұл жеңісі жас спортшыларға үлкен мотивация береді. Шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!