Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Біз әртүрліміз – бір теңбіз»
04
май
2026
«Біз әртүрліміз – бір теңбіз»
📚 Сынып сағаттарыМектебімізде «Біз әртүрліміз – бір теңбіз» тақырыбында, А.Қ. Жұбановтың 120 жылдығына арналған сынып сағаты, сондай-ақ қауіпсіздік сабағы, «Көмек» жобасы және құқықтық білім беру бағытында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар осы тақырыптар аясында маңызды мәліметтер алып, өз білімдерін толықтырды.
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні
04
май
2026
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Біздің мектепте Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оқушылар әртүрлі халықтардың ұлттық тағамдарын таныстырып, олардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Мерекелік шара достық пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды. Барлығы көтеріңкі көңіл-күйде болып, әр ұлттың мәдениетіне құрмет көрсетті. Бірлігі жарасқан еліміз аман болсын! Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! 💙
Инновациялық техникалық колледжі ұйымдастырған ашық есік күні
13
март
2026
Инновациялық техникалық колледжі ұйымдастырған ашық есік күні
Мектебіміздің 9-сынып оқушыларымен бірге Инновациялық техникалық колледжі ұйымдастырған ашық есік күніне қатыстық. Іс-шара барысында оқушылар колледждің оқу үдерісімен, мамандықтарымен және білім алу мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар оқушыларға веб-дизайн бағыты бойынша арнайы мастер-класс көрсетілді.
«Fizmat Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесі
10
март
2026
«Fizmat Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесі
Мектебіміздің 10-сынып оқушыларымен бірге Республикалық физика-математика мектебі базасында өткен «Fizmat Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесіне қатыстық. Көрме барысында оқушылар түрлі жоғары оқу орындарының өкілдерімен тікелей кездесіп, оқу бағдарламалары мен мамандықтар туралы кең көлемде ақпарат алды. Бұл іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беретін маңызды тәжірибе болды.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды»
26
январь
2026
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды»
Бүгін сынып сағаты барысында оқушылармен тәрбиелік мәні жоғары, маңызды тақырыптар қарастырылды. Сынып сағаты «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» құндылығына арналды. Бұл тақырып аясында оқушыларға тәртіптің, жауапкершіліктің және заңға бағынудың қоғамдағы маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар сынып сағаты барысында келесі бағыттар қамтылды: 🔹 Қауіпсіздік сабағы – оқушылардың өмір қауіпсіздігі, күнделікті жағдайда сақтық шараларын ұстану туралы айтылды. 🔹 «Алматы – таза қала»
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 36 Вперед