Біздің мақтанышымыз — Шері Әділет!
Біздің мақтанышымыз — Шері Әділет! Мектебіміздің 10 "Ә" сынып оқушысы Шері Әділет таеквондодан өткен әлем чемпионатында жоғары шеберлік пен қайсар мінез көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл — тынымсыз еңбектің, табандылық пен үлкен дайындықтың нәтижесі. Осындай жетістік — тек спортшының ғана емес, бүкіл еліміздің абыройы. Әділеттің бұл жеңісі жас спортшыларға үлкен мотивация береді. Шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!