Конкурстық құжаттар » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
январь
2015

Конкурстық құжаттар

«Бекітемін»
Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп- гимназия » КММ
_________________Мусаева К.А.

Бұйрық №452 24.01.2015 ж.


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттама

Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия » КММ оқушылырыңың тамақтануын ұйымдастыру бойынша өнім жеткізушісін таңдау бойынша конкурс

Конкурсты ұйымдастырушы ;
Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы 6 ықшам ауданы , 63 үй
Нақты мекенжайы: Алматы қаласы 6 ықшам ауданы , 63 үй
Почталық мекенжайы: 050036 , Қазақстан , Алматы қаласы ,Әуезов ауданы
Банктік деректемелер: ЖСК KZ32070102KSN6001000 ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті БСК KKMFKZ2A Кбе 12
Валюта шоты: тенге
email/ 86_shkola@mail.ru
Байланыс телефондары : 301-06-13, 301-05-95

1. Жалпы ережелер

1. Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 1150 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар 488 1-4 сыныптар арасындағы оқушы және жетімдер мен қамқоршысыз қалған, көп балалы отбасы, жағдайы төмен оқушылар саны 57.
Қызмет көрсету уақыты демалыс уақытын қосып есептегенде 01.03.2015 жылдан 25.05.2015 жылға дейін.1-4 сыныптар үшін, жетімдер мен қамқоршысыз қалған, көп балалы отбасы, жағдайы төмен оқушыларға 01.09.2015ж. 29.12.2015ж. дейін.
Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 9 211 705,40_теңгені құрайды ҚҚС сыз .
Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.
2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:
1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;
2) осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;
3) осы конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
4) осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.
3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді:
1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында
_ Банктік деректемелер: ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшасының бақылау шоты ЖСК 810705023603986001 БСК KKMFKZ2A Кбе 12
орналастырылған ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;
2) осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.
6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.
7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.
8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

9. Конкурсқа қатысуға өтінім:
1) осы конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:
заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;
осы конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;
конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;
осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;
осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.
Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ №86 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ» ОҚУШЫЛАРЫН ТАМАҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «2015 ЖЫЛҒЫ 16 АҚПАН 10 САҒАТ 00 МИНУТКЕ ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 050036 , Қазақстан ,Алматы қаласы Әуезов ауданы 6 ықшам ауданы , 63 үй
Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі , есепші бөлмесі, 1 қабат, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты Омар Назерке Бекзатқызы
Сұранымдар жұмыс күндері сағат 09-00 - ден 17-00 дейін 2015 жылғы 16 ақпан айын қоса ала отырып , сағат 09-30 дейін қабылданады.
Байланыс телефондары : 8(727) 301-06-13, 301-05-95
11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.
12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші жөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.
Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.
13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы 16 ақпан күні 2015 жылы сағат 10.00-де , Алматы қаласы Әуезов ауданы, 6 ықшам ауданы, 63 үй Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі , 1 қабат, есепші бөлмесінде, конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге(уәкілетті өкіл әлеуетті өнім берушінің атынан нотариалды расталған сенім хат көрсетуі тиіс) және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына сағат 09:30 бастап тіркелуге тиіс (Алматы қ., Әуезов ауданы, 6 ықшам ауданы, 63 үй Ғ.Мүсірепов атындағы №86мектеп- гимназияның ғимараты, 1қабат, есепші бөлмесі). Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.
16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерін ашады.
17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.
18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.


6. Конкурстық өтінімдерді қарау

19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.
21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.
22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.
23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.
Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.
24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерін көздейді.
25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.
26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.
Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.
27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.
28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.
30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.
31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.
32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.
33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.
34. Әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.
35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурс өтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.
36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.
37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда не конкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.
38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

7. Мектепшілік сатып алу келісім шартының конкурсына байланысты қорытынды.
40. Конкурсытың жеңімпазы деп анықталған потенциалды жеткізуші, конкурстың қорытындысы веб порталда жарияланғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартқа отырмас бұрын тапсырыс берушіге конкурсқа қатысуға берген құжаттардың түп нұсқасын немесе нотариальды бекітілген құжаттарды алып келуі тиіс.
41. Бес жұмыс күні ішінде электронды конкурстың қорытындысының хаттамасына қол қойғаннан кейін, тапсырыс беруші жеткізушіге ҚР «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңына сәйкес тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыс, қызмет көрсету туралы келісім шарт жібереді.
42. Жеткізуші келісім шартқа қол қойғаннан кейін, он жұмыс күні ішінде келісімшартта жазылған келісімдерді орындауға тиіс.
43. Жеткізуші келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді өз уақытында, толық, сапалы орындауына міндетті.
44. Тапсырыс беруші жеткізушіге келісімшарттың жалпы сомасының үш пайызын енгізуді міндеттейді.
45. Жеткізуші төмендегі көрсетілген ақшамен қамтамасыз етудің бір түрін таңдайды.
1) Конкурсты ұйымдастырушының ақшаны уақытша орындастыру, қолма қол ақшаны бақылау шотына ақша салу.
2) Конкурстық құжаттамаға банктік кепілдік нысанын енгізу.
46. Келісім шарт бойынша міндеттер толық жүзеге аспайынша, жеңілдік жарна жартылай немесе толық төленбейінше наразылық тудыратын әлеуметтік өнім беретін үшінші тұлғаның іске араласуына жол берілмейді.
47. Банктік кепілдік нысананы Заң бойынша қаралмаған мақсатқа қолдануға рұқсат бермейді.
48. Тапсырыс беруші жеткізушіге келісімшарттағы міндеттерін орндағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде банктік кепілдеме нысанасын немесе қолма қол ақша бақылау шотындағы ақшаны қайтарып беруге міндетті.
Егер де жеткізуші келісімшарттағы міндеттемелерін орындамаса тапсырыс беруші бес жұмыс күні ішінде банктік кепілдеме нысанасын немесе қолма қол ақша бақылау шотындағы ақшаны тұрақсыздық төлем ретінде қайтарып беруге міндетті.
49. Тапсырыс беруші жеткізушіге егер де келісімшарттағы міндеттемелерді орындалмаған кезде, келісімшартты бұзып, келісім шарттағы қамтамасыз етуді бермеуге құқылы.
50. Заңның 37 бабының 6,7,8 тармағына сәйкес келісім шарт бір қаржы жылына жасалады.
51. Келісім шартта мына шарт талаптары болуы керек: мемлекеттік сатып алу өзгерістері.
52. Отандық тауар өндірушілермен келісім және жұмыстың, қызметтің атқарылуын отандық жеткізушілерімен жүзеге асырауға алдын-ала төлемақы және толық төлемақы үшін тауардың жеткізілімінің, жұмыстың орындалуының әлде қызмет көрсетуді атқарудың келісім шарты керек, бұл ретте міндеттеме орындау айтылмыш келісім толық төлемақының мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы керек.
53. Егер де жеткізуші Заң талабына сәйкес тапсырыс берушіге қол қойылған мемлкеттік сатып алу келісімшартын әкелмеген жағдайда немесе конкурстық құжаттамада қаралған келісімшарттың қамтамасыз етуін құймаған кезде жеткізуші келісімшарттан бас тартты деп табылады.
54. Мемлекеттік сатып алу туралы шартының келісімімен әлеуетті жеткізуші бас тартқанын мойындаған жағдайда, тапсырыс беруші:
1. электронды конкурсқа қатысқаны туралы өтінішті ұстап қалады және өкілетті органға сәйкесінше мәліметтерді ұсынады және мемлекеттік сатып алудың әлеуетті жеткізушіні жауапкершіліксіз қатысушы деп тануы туралы арызбен сотқа жүгінеді.
2. Қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартын осындай әлеуетті жеткізушінің қажеттілігі туралы және арызбен және мемлекеттік салып алу туралы шарттың келісімімен бас тартқандығы себебінен келген шығынның орнын толтыру туралы арызбен сотқа жүгінеді.


_________________________________





















Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия » КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушылар санатының
тізбесі
Оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтің өнім жеткізушісін бойынша конкурс

№ Конкурсты ұйымдастырушының атауы Білім беру ұйымын
дағы көрсетілетін қызметті алушылар
дың жалпы саны Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру
мен қамтамасыз етілетін білім алушылар Қызметті көрсету мерзімдері Қызметті көрсету орны Білім алушыларды тегін тамақтанды
руды қамтамасыз етуге
бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома
1 2 3 4 5 6 7
Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп- гимназия » КММ 1150

488 Наурыз –мамыр 2015 жыл Алматы қаласы 6 ықшам ауданы, 63 үй 7 791 779,54 ҚҚС сыз
2 Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп- гимназия » КММ жетімдер мен қамқоршысыз қалған, көп балалы отбасынан

57 қыркүйек –желтоқсан 2015 жыл Алматы қаласы 6 ықшам ауданы, 63 үй 1 419 925,86
ҚҚС- сыз

Күні 28.01.2015 ж


«№86 мектеп- гимназия » КММ директоры ____________Мусаева К.А.
М.О.

Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп- гимназия » КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
2-қосымша


Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия » КММ білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
бойынша конкурстық құжаттамаға
техникалық тапсырма

Қызмет корсету орны:

Мекен жайы: Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия » КММ Алматы қаласы ,Әуезов ауданы, 6 ықшам ауданы, 63 үй

Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны (ары қарай - қызмет) 1150 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар - 488, 57 оқушы аз қамтылған отбасынан.

Білім алушылар Оқүшы саны Бағасы Дето-дней саны Сомасы
қосымша құн салығынсыз Төлемі
1-4 сынып оқүшылары 488 267,86 29089 7 791 779,54 Бюджет қаражатынан
жетімдер мен қамқоршысыз қалған, көп балалы отбасынан 57 267,86 5301 1 419 925,86
Бюджет қаражатынан
Итого: 545 9 211 705,40

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 9 211 705,40 теңгені құрайды (қосымша құн салығынсыз, ары қарай ҚҚС).
Күнделікті ас мәзірі Алматы қаласы Білім Басқармасы бекіткен ас мәзірімен, тамақ рационы, салмағы және бағасы сақтала отырып жасалады.
Конкурсқа қатысу кезінде әлеуетті өнім беруші қызметтерді көрсету кезінде төмендегі талаптарды сақтауға және оларды құжаттама түрінде (құжаттар конкурстық өтінімнің ішінде болуы қажет) қамтамасыз етуі қажет:
- тұтынушылардың денсаулығы үшін сапа мен қауіпсіздікке кепіл болатын тағамдар мен тамақтарды әзірлеу және жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау үшін қажетті жағдайларды жасау;
- жұмысқа кәсіби, гигиеналық дайындықтан және атестациядан өткен, денсаулығына байланысты рұқсат алған тұлғаларды қабылдау;
- әрбір қызметкерге жеке медициналық кітапшаларының болуын;
- барлық қызметшілердің жұмысқа кірісу кезінде және мерзімдік медициналық байқаудан уақытылы өтуін (медициналық мекемемен келісім шарты);
- күн сайын қажетті құжаттаманы жүргізу (бракераж журналы, қызметшілердің жедел респираторлық және іріңді жара ауруларын тексеру журналы, баска да журналдарды);
- қызметшілердің жұмыс орнын Қазақстан Республикасы қолданыстағы Заңнамасына, санитарлық ережелеріне, гигиеналық нормативтеріне сәйкес қамтамасыз ету;
- қызметшілердің жұмыс киімінің үздіксіз орталықтандырылған жуылатын, жөнделетін орнын және арнайы киіммен үш жиынтықтан кем емес қамтамасыз ету;
- жыл сайын жұмыс басталар алдындағы технологиялық, тоңазытқыштық, ауа тазартатын және басқа да құрылғылардың тексерісін жасау;
- өндірістік құралдардың жеткілікті мөлшерде, ыдыстың, жуатын және залалсыздандыратын құралдармен (ҚР қолдануға рұқсат етілген) және басқа да материалдық – техникалық жарақтандырудың түрлерімен қамтамасыз ету;
- жүргізілген жұмыстар туралы актінің болуымен қоса жұмыс орнын дезинфекциялау, дезинсекция және дератизациялау жүргізу;
- алғашқы медициналық көмек көрсету үшін арнайы дәріқобдишасы және уақытында толықтырып отыру;
- қызметшілерімен семинар, әңгімелесу, лекция түрінде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізіп отыру;
- өрт сөндіру құралдарының болуы. Әлеуетті өнім беруші білім алушыларды тамақтандыру жөніндегі байқауға бірінші рет қатысқан жағдайда кепілдеме – хат беруіне құқығы бар;
- азық блогына келіп түсетін азық-түліктер өнімнің санитарлық - гигиеналық талаптарына сәйкестігі жөнінде, яғни өнімнің шығуы, сапасы және қауіпсіздігі, өнімнің сақталу мерзімі, өндірілген уақыты жөніндегі жолдама құжаттары болуы қажет. Жолдама құжаттар өнімнің пайдаланылып бітпейінше сақталуы қажет;
- қызмет көрсету кезінде пайдаланатын негізі тамақ өнімдерінің сапалық сертификаттары болуы қажет;
- дайын тамақты жіберу тек алдын-ала дәмін, сапасын, қауіпсіздігі сынама алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Тамақтың сапасын бағалауды, тамақтың құрамындағы органолептикалық көрсеткіштердің барын 3 адамнан кем емес бракераж комиссиясы жүргізеді: медициналық қызметкер, азық блогының жауапты адамы және мектеп әкімшілігінің өкілі (тексеру тікелей тамақ дайындалған ыдыстардан алып тексеріледі). Ұсынылған үлгіге сәйкес (санитарлық ереженің 10 қосымшасы 2 форма) бракераж қорытындысы «Дайын аспаздық өнімдердің бракераж журналына» тіркеледі. Гигиеналық талаптарға сәйкес тамақтың ас мәзірінің әрбір порциясы шығу салмағына сәйкес болуы қажет. Тамақты дайындаудың технологиясы бұзылған кезде, сондай-ақ дайын болмай қалған жағдайларда, анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін, тамақ жіберуге босатылмайды.
- Күн сайын жұмыс басталудың алдында медициналық қызметкер білім беру мекемесінің қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын қызметкерлердің қол терісінде және дененің ашық жерлерінде ірің ауруларының сондай-ақ ангина, жоғарғы тыныс алу мүшелерінің катаралды көріністерінің болмауына тексереді;
- тез бұзылатын, арнайы сақтауды қажет ететін азық-түлік өнімдерінің бұзылмауын бақылау мақсатында термометрлерді (сынап түрінен басқа) қолдану арқылы тоңазытқыш құралдарындағы температуралық режимнің сақталуын бақылау. Ұсынылған үлгіге сәйкес (санитарлық ереженің 10 қосымшасы 5 форма) температуралық режимді бақылайтын арнайы құрал болмаған жағдайда ақпарат «Тоңазытқыштың температуралық режимін тіркеу журналына» енгізіледі;
- тамақтың технологиялық дайындау үдерісінің сақталуын бақылау мақсатында дайындалған тағамдардың әрбір ауысымынан тәуліктік сынама алынады. Тәуліктік сынама алуды осы санитарлық ережелердің 11 тармағындағы сынамаларды алу бойынша ұсыныстарға сәйкес азық блогының қызметкері (азпазшы) жүзеге асырады. Тәуліктік сынамалардың дұрыс алынуына және сақталу жағдайларының дұрыстығын бақылау медициналық қызметкер жүзеге асырады.Тәуліктік сынама тамақ пайдаланылғаннан кейін бір тәулікке дейін сақталуы тиіс.
- өндірістік ортаның заттары болып табылатын жабдық, мүлік, үлкен көлемдегі және басқа да ыдыстар, қолданылатын инвентарлар, бекітілген қоғамдық ұйымдардағы тамақтанудың санитарлық - эпидемиологиялық талаптарына сәйкес арнайы рұқсат етілген материалдардан жасалуы қажет;
- өндірістік үй-жйларда орнатылған барлық технологиялық және тоңазытқыштық жабдықтарының барлығы тиісті жұмыс жағдайында болуы тиіс және жыл сайын оларды тексерістен өткізіп отыру қажет;
- қандай да бір технологиялық жабдықтар істен шыққан кезде ас мәзіріне өзгерістер енгізіп және дайын тағамдарды өндіру кезінде осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет;
- осы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес жуу және залалсыздандыру ережелерін сақтау мақсатында бір отыратын орынға 3 жиынтықтан кем емес жеткілікті мөлшердегі ыдыстармен және құралдармен,сондай-ақ тарату желісінің маңында оны сақтау үшін шкафтармен қамтамасыз ету туралы міндеттеме-хаты;
- азық өнімдерімен байланысты болатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына жауап беретін тамақтануды ұйымдастыру кезінде фарфор, фаянс жәнне шыны ыдыстар (тарелкалар, табақшалар, шыныаяқтар, бокалдар) қолданылады. Асхана ыдыстары (қасықтар, шанышқылар, пышақтар), дайын тағамдарды дайындау және сақтауға арналған ыдыс тот баспайтын болаттан және немесе гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдар жасалуы тиіс;
- формасын өзгерткен, шеттері сынған, сызат түскен, эмалі бұзылған асхана және асүйлік ыдысты, алюминийден жасалған асхана құралдарын; пластмассадан және баспақталған фанерадан жасалған тақтайларды; сызат түскен және механикалық зақымданған тақтайшалар мен ұсақ ағаш құралдарын пайдалануға тыйым салынады;
- оқушылардың тамақтану кестесін жасау;
- кассалық аппараттардың болуы;
- азық өнімдерін және азық-түлік шикізатын жеткізу тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы беретін қорытындысы бар мамандандырылған көліктерде жүргізілуі тиіс. Жүргізуші мен экспедитордың жеке медициналық кітапшалары болуы міндетті;
- оқушылардың тамақтануында тыйым салынған тағамдарды, сондай-ақ газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарды, чипсыларды, сухарилерді және құрамында генномодификацияланған ингридиенттер бар тамақ өнімдерін, сондай-ақ шайнайтын сағыздарды тасымалдауды болдырмау туралы міндеттеме;
- мектептердің тамақтандыру блогында жыл сайын және қажеттілікке байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме.
- ас әзірлейтін бөлмеден шыққан қалдықтарды шығару және коммуналдық қызмет атқаруды төлеу міндеттеледі.

Директор _________ Мусаева К.А.
(қолы)
М.О 28.01.2015 ж.






Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп- гимназия » КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
3-қосымша


Конкурсқа қатысуға өтінім
(заңды тұлғалар үшін)

Кімге __________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен ________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Заңды тұлғаның бірінші басшысының Т.А.Ә.

2. _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен _______________________________________________________
(конкурстың толық атауы)
конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес ____________________________________________________________________
(қажетін көрсету керек)
қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.
3. _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4. _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және ________________________________________ көрсетілетін қызметтердің
(қажетін көрсету керек)




өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім ___ күн ішінде қолданылады.
6. _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)























Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп- гимназия » КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
4-қосымша


Конкурсқа қатысуға өтінім
(жеке тұлға үшін)
Кімге __________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен ________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжатқа сәйкес Т.А.Ә.
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжаттың деректері (№, кім берген)
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің тіркелген мекенжайы
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің нақты тұрғылықты
мекенжайы
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің
не Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес конкурс мәніне
сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқық беретін өзге де
құжаттың нөмірі
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің байланыс телефондары,

почта мекенжайы мен электрондық
почта мекенжайы (болған
жағдайда)
2. _____________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі)
осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. _____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4. _____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім __ күн ішінде қолданылады.
6. _____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)








Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп- гимназия » КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
5-қосымша


Қызметкерлердің біліктілігі туралы
мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші толтырады)


1. Әлеуетті өнім берушінің атауы_________________________________
_________________________________________________________________
2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін ___________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауын көрсету)
әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.
Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының көшірмелері қоса берілген ____ аспазшы, ____ технолог, ____ диетолог құрайды:
Қызметкердің Т.А.Ә. Білімі және мамандығы Мамандығы бойынша еңбек өтілі Біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

Барлығы
3. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, _________________________________ соңғы бес жыл ішінде конкурста сатып
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)
алынатын көрсетілетін қызметтерге ұқсас көрсеткен қызметтердің көлемі.

Көрсетiлген қызметтердiң атауы Тапсырыс берушiлердiң атауы Қызметтерді көрсету орны және жылы

4. _____________________________________________________________
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауы)
рұқсат беру туралы белгісі бар жұмысқа жіберілген автокөлік пен жүргізушіге растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген, қызмет көрсетуі үшін мамандандырылған автокөлігі (бар болса) бар:

Көлік түрi Көлік маркасы Жекеменшiк, жалға алынған (кiмнен) Жүргізушіге рұқсат беру туралы мәліметтер (рұқсат беру белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері) Рұқсат беру белгісі көрсетілген көліктің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы


5. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: меншікті, кредиттiк және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау.
____________________________________________________________________

6. Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін ресурстардың бар екені туралы қосымша мәліметтерді көрсетеді.
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.


Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)
















Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп- гимназия » КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
6-қосымша


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау критерийлері


№ Критерийлер Балдар
1 Конкурстың нысанасы болып табылатын қызмет көрсету нарығындағы тәжірибесі Әр жылға 1 балдан, бірақ 5 балдан аспайды
2 Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар-жоғы Жоқ

(0 балл) Бар

(2 балл)
3 Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар-жоғы Жоқ

(0 балл) Бар

(3 балл)
4 Аспазшылардың біліктілігі (10 балдан аспайды) Арнайы орта білім
3-разряд
(1 балл) Арнайы орта білім
4-разряд
(2 балл) 5-разряд және (немесе) жоғарғы білім
(3 балл)
5 Технологтың, диетологтың болуы (4 балдан аспайды) Жоқ

(0 балл) Бір маман ғана бар
(1 балл) Бар

(2 балл)
6 Шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің бар-жоғы 10-нан кем ас атауы
(1 балл) 10-нан 30-ға дейін ас атауы
(2 балл) 30-дан 50-ге дейін ас атауы
(3 балл)
7 Азық-түлікті санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар арнайы көлікпен жеткізу шарттары Көлік жоқ


(0 балл) Жалдамалы көлік

(3 балл) Жеке көлігінің болуы
(5 балл)

Ескертпе: 4, 5-тармақтарда балдар әр маман үшін қойылады.

Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп- гимназия » КММ алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
7-қосымша


Банктік кепілдік

______________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
№_________кепілдік міндеттеме
______________________________ ____ж. «___»__________________
(орналасқан жері)
Біз бұдан әрі «өнім беруші» деп аталатын _________________________,
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
_____________________________________________________ ұйымдастырған
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Білім беру ұйымдарының білім алушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау конкурсына қатысатындығынан және ___________________________________________
(көрсетілетін қызметтердің атауы)
қызмет көрсетуге әзір екендігінен хабардармыз.
________ж. «___»______________ жоғ