7- сыныптар арасында "Өнерге әркімнің - ақ бар таласы" сайысы өткізілді » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 7- сыныптар арасында "Өнерге әркімнің - ақ бар таласы" сайысы өткізілді
14
апрель
2022

7- сыныптар арасында "Өнерге әркімнің - ақ бар таласы" сайысы өткізілді

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында 7-сыныптар арасында Ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай, ұзақ мерзімді тәрбие «30 кітап, 30 ән» жобасы аясында ұйымдастырылған «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» тақырыбында сайыс өткізілді. Сайыс “Дәстүрлі ән”, ”Суреттер сөйлейді”, ”Хор”, ”Ән әлемі”, “Буктрейлер” номинациялары бойынша өткізілді. Сыныптар бекітілген "30 ән" тізіміндегі әнді нақышына келтіре айтуына, барлық оқушылардың қатысуына, жатқа айтуына ерекше мән берілді. Сонымен қатар, әнді зерттеу бойынша жұмыстары, оқыған "30 кітап" желісі бойынша салынған суреттері,оқыған кітаптар желісі бойынша буктрейлер, жеке вокал бағаланды. Сайыс өте тартымды, тартысқа толы болып өтті. Сынып жетекшілері
7 «А» сынып - Досказиева Ботагөз,
7 «Б» сынып – Лукпанова Клара,
7 «В» сынып – Қожаниярова Жамила,
7 «Г» сынып – Манап Мақпал,
7 «Д» сынып – Унербаева Айнұр ұстаздарымызға
алғысымыз шексіз ✓✓