Последние публикации на сайте » Страница 20 » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жаңа жыл шыршасы!” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды
28
декабрь
2023
“Жаңа жыл шыршасы!” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды
💬  Есігімізден еніп, төрімізден орын алатын Жаңа жыл барша адамдар үшін ортақ мереке, әсіресе, оның балалар өмірінде алар орны айрықша. Мерекеге орай, 1-4 сынып оқушыларына жаңа жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында “Жаңа жыл шыршасы!” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік шарада, әсем әндер мен тақпақтар айтылып, қойылымдар орындалды.
Қыздар арасындағы волейболдан өткен аудандық жарыс
28
декабрь
2023
Қыздар арасындағы волейболдан өткен аудандық жарыс
Алматы қаласы Әуезов ауданы ұйымдастыруымен өткізілген қыздар арасындағы волейболдан өткен аудандық жарыста мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары ІІІ орынды жеңіп алды.
Республикалық кезеңге жолдама алды
27
декабрь
2023
Республикалық кезеңге жолдама алды
Алматы қаласы білім басқармасы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің тіл білімі (орыс тілі) секциясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 9 «В» сынып оқушысы Курманбаев Мирас жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз 🎉 Жетекшісі: Алпысбаева Р.
«ҒАБЕҢ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ҚАЛАМГЕР. МУЗЕЙ. МУРА»
26
декабрь
2023
«ҒАБЕҢ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ҚАЛАМГЕР. МУЗЕЙ. МУРА»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері С.Қаламбек пен А.Әбсейіттің жетекшілігімен  С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің  әдеби-мемориалдык музей кешенінде «ҒАБЕҢ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ҚАЛАМГЕР. МУЗЕЙ. МУРА» тақырыбында өтетін танымдық квест ойынына 5«Г,Д» сыньптарының оқушылары барып қайтты.Мұражайда түпнұсқа экспанаттармен танысып,сыйлыққа кітапша алып,естелік суретке түсіп қайтты.
Ерік Елдана мен Бауыржан Інжу І дәрежелі дипломмен марапатталды
25
декабрь
2023
Ерік Елдана мен Бауыржан Інжу І дәрежелі дипломмен марапатталды
“Қазақстан ғылымының жұлдыздары: білім шыңдарын бағындырамыз” атты 1-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық ғылыми жобалар байқауынан 5 “Б” сынып оқушылары Ерік Елдана мен Бауыржан Інжу І дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: Дәкенова Н.
"Жас Қыран", "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өтті
22
декабрь
2023
"Жас Қыран", "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай Республикалық бірыңғай 2 сынып оқушыларын "Жас Қыран", 5 сынып оқушыларын "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салатанатты түрде қабылдауы өткізілді.