Әскери-патриоттық тәрбие » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2023

Әскери-патриоттық тәрбие




















































































































































































































































































































Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі бөлігі – ол әскери-патриоттық тәрбие. Әскери-патриоттық тәрбие еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сенімді қорғаныс міндеттерді, патриоттық және рухани-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады.
Патриоттық тәрбие мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік қабілетін ояту, елімізді қорғауға қызығушылығын ояту, Қазақстан халқының достығын сақтау мақсатында қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы орайда 08.02.23 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында 10-11 сынып оқушыларымен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының қызметкерлері балалардың бойында патриоттық сезімдерін нығайту және кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Оқушыларымыз әскери мамандықтар, әскери өмір, курсанттардың тұрмыс- тіршілігі жайлы ақпараттар алды. Оқушылар назарына бейнероликтер ұсынылып, әскери мамандықтарға оқуға түсу үшін не істеу керек?, қандай құжаттар жинақтау керектігі туралы мәліметтер ұсынылды. Кездесу соңында оқушылар сұрақтар қойып, кері байланыс орын алды.