«Билердің сөзі – нақылдың көзі» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Билердің сөзі – нақылдың көзі» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі
27
февраль
2023

«Билердің сөзі – нақылдың көзі» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында
2022-2023 оқу жылында 13.02 – 24.02 ақпан аралығында өткен
«Билердің сөзі – нақылдың көзі» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті
пәні онкүндігі өтті.


Мақсаты: Төле би , Қазыбек би, Әйтеке бидің шешендік сөздері туралы оқушы білімін тереңдету, ана тілді құрметтеуге, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, шешендік сөз өнеріне баулу.
13.02.2023 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігі ерекше ұлттық сән салтанатпен ашылды. Кафедра жетекшісі Ахметова Ләззат Қасенқызы және пән мұғалімдері онкүндіктің жоспарымен, өткізілетін іс-шаралармен таныстырды. Онкүндіктің ашылуы мектеп алаңында «Билердің сөзі – нақылдың көзі» атты Төле бидің 360 жылдық мерей тойына арналды, киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық дастарқаны жасалып, шашу шашылып, оқушылар Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің шешендік сөздерін жатқа оқыды, қазақтың күйі ойналып ана тілін ардақтау мақсатында әндер айтылды.