Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дастарқан тәрбиесі –дәм-тұз киесі» тақырыбында ашық сабақ
27
февраль
2023

«Дастарқан тәрбиесі –дәм-тұз киесі» тақырыбында ашық сабақ

16.02.2023 жылы Қаламбек Сара 7 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Дастарқан тәрбиесі –дәм-тұз киесі» тақырыбында ашық сабақ өтті.
«Сиқырлы білезік» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрады. «Тәтті кекс» әдісі арқылы оқушылар үш топқа бөлініп, тыңдалым алды тапсырмасында тақырыпқа сурет арқылы болжау жасады. Тыңдалым тапсырмасында «Дастарқан тәрбиесі –дәм-тұз киесі» тақырыбында аудио жазбаны мұқият тыңдап, «Түртіп алу» әдісімен факт, пікір және көзқарасты ажыратып, дәлелді пікірлерін айтты. Оқушылар берілген суретке шағын мәтін құрады. Жазған мәтіндерді «Бәрекелді! Міне, ғажап! Пах, шіркін! Пай-Пай! Қап! Әттеген-ай!» – одағай сөздері арқылы жүргізген бағалау жұмысы балаларға ерекше ұнап, олардың белсенділігін арттырды.