Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз! » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз!
20
февраль
2024

Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз!

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
23 ақпанда сағат 10:00-де Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі!
Сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын айқындаңыз.
Ғимараттардан, электр желілер мен үлкен ағаштардан алшақ тұрған ашық алаң – қауіпсіз орын болып табылады.
Сейсмикалық жаттығу барысында «Назар аударыңыз!» сигналын естігенде сабыр сақтап, теледидарды, радионы қосыңыз және нұсқауларды орындаңыз.
Төтенше жағдайларға дайын болу- адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі.
Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз!