Бүгін Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушылары өздерінің ересек өмір жолын мектеп ауласына ағаш отырғызудан бастады. Ағаш отырғызу түлектер арасында дәстүрге айналған. Әр жылдың мектеп бітірушілері білім ордасына деген алғысын осылай білдіреді.
