Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
октябрь
2025

ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»

Мұғалімдер күні - орны бөлек, дәрежесі биік мереке. Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы ұстазы Кожамуратова Жанат Сагатбековна 2025 жыл ұстаздар күніндеМұғалімдер күні - орны бөлек, дәрежесі биік мереке. Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы ұстазы Кожамуратова Жанат Сагатбековна 2025 жыл ұстаздар күнінде ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
   Жалпы 30 жылдық педагогикалық өтілінің 10 жылын Талдықорған қаласы №20 үш тілде оқытатын мамандырылған лицейінде қызмет етті.  Ұстаз №86 мектеп - гимназиясында 6 жылдан аса еңбек етуде. Осы жылдар арасында математика пәнін таңдаған шәкірттері лицей, мектеп-гимназияларда ұстаздық қызметте. Оқушылары халықаралық ғылыми жобалар иегерлері. Ұстаздық қызмет атқаруда Талдықорған қаласы «Жыл мұғалімі» байқауында 1 - орын иегері де атанған ұстаз. Еңбек жолындағы жетістіктері бағаланып,  ҰБТ нәтижелері бойынша оқушылары математика пәнінен ең жоғарғы балдар көрсеткішін көрсеткендігі дәлелі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.   
   Еңбегіңізге шығармашылық табыс пен жаңа ізденістер тілейміз.
 төсбелгісімен марапатталды.