08
октябрь
2025
Мұғалімдердің жетістіктері
2025–2026 оқу жылында мектеп мұғалімдері шығармашылық байқауларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Мұғалімдердің шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде физика, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, психология және география пәні мұғалімдері «CLIL», «Бабалар аманаты», «Үздік маман–2025», «Пәндік олимпиада» номинациялары бойынша жүлделі орындарға ие болды. Қалалық кезеңде де мектеп мұғалімі жүлделі ІІІ орынды иеленді. Аталған жетістіктер педагогтердің кәсіби шеберлігін, шығармашылық әлеуетін және білім сапасын арттыруға қосқан үлесін көрсетеді.