«Кәсіби бағдар беру» бағытында 2-11 сынып ата-аналар жиналысы
Осы анықтама арқылы мектебімізде «Кәсіби бағдар беру» бағытында 2-11 сынып ата-аналары мен сынып жетекшілеріне жиналыс өткендігін растаймын.
Жиналыс 11.09.2025ж күні өткізілді. Жиналыс «Кәсіби бағдар беру-ортақ міндет» тақырыбы аясында өткізілді.Жиналыста ең алдымен кәсіби бағдар беру маманының негізгі міндеті-жасөспірімдердің қабілеті мен қызығушылығына сай болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу екені айтылды. Жиналыс барысында оқушылардың болашақ мамандық таңдауы қазірден баланың өзін танудан басталатыны аталып,қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандық туралы апалып өтті.Ата-аналар тарапынан баларға ерекше қолдау керек екенін және бізде мектеп тарапынан қандай жағдай жасалатыны туралы түсіндірме жұмысы өтті.Осы жиналысқа жалпы саны-45 ата-ана қатысты.Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан бір қатар қызығушылық байқалып сұрақтар қойылды.