10
март
2026
«Fizmat Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесі
Мектебіміздің 10-сынып оқушыларымен бірге Республикалық физика-математика мектебі базасында өткен «Fizmat Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесіне қатыстық. Көрме барысында оқушылар түрлі жоғары оқу орындарының өкілдерімен тікелей кездесіп, оқу бағдарламалары мен мамандықтар туралы кең көлемде ақпарат алды. Бұл іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беретін маңызды тәжірибе болды.