01
июнь
2026
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Құрметті ата-аналар!
Жазғы демалыс – балалар үшін қызықты әрі пайдалы уақыт. Дегенмен, осы кезеңде олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажет. Балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің жауапкершілігіне байланысты екенін естен шығармайық.
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қайда және кіммен жүргенін бақылауда ұстаңыз. Үйде жалғыз қалған жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіріңіз. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, белгісіз жерлерге бармау, күмәнді заттарға жақындамау керектігін үнемі ескертіп отырыңыз.
Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік
Әр бала төтенше жағдай туындағанда өзін қалай ұстау керектігін білуі тиіс. Ата-аналар балаларға:- Үй мекенжайын және ата-анасының байланыс нөмірлерін жаттатуы;
- Өрт, жер сілкінісі, дауыл сияқты төтенше жағдайларда қауіпсіз жерге шығу жолдарын көрсетуі;
- Қауіпті жағдай туындаған кезде бірден ересектерге немесе құтқару қызметтеріне хабарлау қажеттігін түсіндіруі қажет.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау
Жаз мезгілінде балалардың көшеде жүру уақыты көбейетіндіктен, жол қозғалысы ережелерін сақтау аса маңызды:- жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өту;
- бағдаршамның жасыл түсінде ғана жүру;
- жолға кенеттен жүгіріп шықпау;
- көлік жүретін бөлікте ойнамау;
- велосипед, самокат тебу кезінде қорғаныс құралдарын пайдалану.
Жаз мезгілінде суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет:
- балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз;
- тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылуға рұқсат беріңіз;
- суға жалғыз түсуге жол бермеңіз;
- белгіленбеген және тереңдігі белгісіз жерлерде шомылмауды түсіндіріңіз;
- қайықпен немесе басқа жүзу құралдарымен жүргенде құтқару кеудешелерін пайдалануды қамтамасыз етіңіз.
Құрметті ата-аналар!
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше көңіл бөліп, балаларға үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер.Сіздерге және балаларыңызға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсерлер мен қауіпсіз жазғы демалыс тілейміз!

