Ақпарат » Страница 19 » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Таэквондо Опен" Халықаралық турнирінде Сундетбай Айдана 1-орынды ел қоржынына салды.
27
сентябрь
2023
"Таэквондо Опен" Халықаралық турнирінде Сундетбай Айдана 1-орынды ел
Сербия Республикасы, Белгород қаласында өткен Таэквондодан "Таэквондо Опен" Халықаралық турнирінде Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясының 11 "Г" сынып оқушысы Сундетбай Айдана 52 келі салмақ дәрежесінде белдесуден 1-орынды ел қоржынына байлады. Айдананың табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіреміз.  
"Шығыстың философы, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл" тақырыбындағы сынып сағаты
26
сентябрь
2023
"Шығыстың философы, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің туғанына
Оқушыларға Қожа Ахмет Яссауи еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағылымдарын саралауына бағыт беру, ойшылдар еңбегін оқып, үйрену мен олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында 1-11 сыныптары арасында "Шығыстың философы, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 
«Болашаққа - білімді,өнерлі  дені сау ұрпақты  жетелеу» тақырыбындағы эстетикалық пәндер және дене шынықтыру, АӘД әдістеме бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты
25
сентябрь
2023
«Болашаққа - білімді,өнерлі дені сау ұрпақты жетелеу» тақырыбындағы
Оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай салауатты өмір салтын  насихаттап, спорттың әр түріне қызығушылығын ояту және еңбекті ұштастыра отырып, ән-күй және қол өнері шеберлігін, шығармашылықтарын дамыту мақсатында 25.09.2023ж.-06.10.2023ж. күндері аралығында «Болашаққа - білімді,өнерлі  дені сау ұрпақты  жетелеу» тақырыбында эстетикалық пәндер және дене шынықтыру, АӘД әдістеме бірлестігінің онкүндігінің ашылуы  салтанатты түрде өткізілді. Ашылу салтанатында
«ТЕО» дебат клубының ойыншылары мастер класс көрсетті
21
сентябрь
2023
«ТЕО» дебат клубының ойыншылары мастер класс көрсетті
Нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу, екі жақтың өзекті мәселелер бойынша пікірталас, қатысушылардың бір-бірін емес, үшінші тарапты өздерінің дұрыс екеніне сендіруін қамтамасыз етуге бағытталған дебат ойыны қазіргі таңда кең ауқым алып жатыр. Дебатқа қызығушылығы бар 8-10 сынып оқушыларына «ТЕО» дебат клубының ойыншылары мастер класс көрсетті. Дебатшыларға оқушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерін айтты. Дебатқа қатысамын деген оқушылармен алдағы уақытта аптасына
«Отбасы - тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында ата-аналар жиналысы!
20
сентябрь
2023
«Отбасы - тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында ата-аналар жиналысы!
Ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым қатынастың тиімді моделін қалыптастыру мақсатында Ғ.Мүсірепов атындағы мектеп гимназиясының 3 «В» сынып жетекшісі Қалабаева Майра  «Отбасы - тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында балалары мен ата-ана арасындағы байланыс пен сабақтастықтың екені жұмыстармен дәлелденіп, кері байланыс жасау арқылы аналарының
«Тіл – ұлттың жаны, халықтың – үні» атты кездесу кеші
18
сентябрь
2023
«Тіл – ұлттың жаны, халықтың – үні» атты кездесу кеші
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында тіл мерекесіне орай, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл – ұлттың жаны, халықтың – үні» атты кездесу кеші өтті. Кештің қадірлі қонағы, қазақ поэзиясына өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында келген қазақтың талантты ақындарының бірі, қазақ тележурналистикасында өз қолтаңбасын қалыптастырған публицист, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері, қазақ телевизиясының ардагері, журналист, Қазақстан жазушылар одағының
“EDTECH” профориентациялық дәрісі
15
сентябрь
2023
“EDTECH” профориентациялық дәрісі
15.09.2023ж. күні Каспий университетінде 11 сынып оқушыларына арналған “EDTECH” профориентациялық дәріске мектебіміздің 11 “В” сынып оқушылары қатысып қайтты.
2023-2024 оқу жылының «Өзін-өзі басқару» ұйымының басшысы, әрі «Мектеп Президентін» сайлауы!
14
сентябрь
2023
2023-2024 оқу жылының «Өзін-өзі басқару» ұйымының басшысы, әрі
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында дәстүр бойынша 2023-2024 оқу жылының «Өзін-өзі басқару» ұйымының басшысы, әрі «Мектеп Президентін» сайлау өткізілді. Сайлау үміткерлікке тек 10 сынып оқушыларының ғана өтініштері қабылданды. Сайлауға екі оқушының кандидатуралары қабылданды. Олар: 10 «В» сынып оқушысы: Исламбек Илияс 10 «Г» сынып оқушысы: Сабитов Дәулет Сайлауға қатысуға өтініш берген оқушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын алдын ала таныстырды. Мектеп оқушылары мен ұстаздары
1 сынып ата- аналарына  «Отбасы- тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында ана-аналар жиналысы өткізілді.
13
сентябрь
2023
1 сынып ата- аналарына «Отбасы- тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында
2023-2024 оқу жылы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы 1 сынып ата- аналарына  «Отбасы- тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында ана-аналар жиналысы өткізілді. КҮН ТӘРТІБІНДЕ: Баланың ата-анасы мен басқа заңды өкілдерімен «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекеме арасындағы келісім шартпен таныстыру; 1-сыныптағы оқу-процесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері; 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі; Оқушылардың тегін тамақпен қамтамасыз етілуі мәселелері қаралды. 
"Алматы әсем қала" тақырыбындағы сынып сағаттары өткізілді.
12
сентябрь
2023
"Алматы әсем қала" тақырыбындағы сынып сағаттары өткізілді.
Алатаудың құшағында жатқан әсемдігі мен әсерлігі басым, алма төс, алтын зерлі ару қала Алматымыздың кезекті туған күніне орай мектебімізде "Алматы - әсем қала" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.