"Қамқоршылық кеңес" ұйымының отырысы » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2020

"Қамқоршылық кеңес" ұйымының отырысы

Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясында қыркүйек айында 2020-2021 оқу жылындағы "Қамқоршылық кеңес" ұйымының отырысы өткізілді. Ұйым отырысы барысында 2019-2020 жылы атқарылған жұмыс есебі және 2020-2021 оқу жылындағы қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыруда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қалалық Білім басқармасы тарапынан әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларына көрсетілген көмек туралы есеп беріліп, ұйымның биылғы оқу жылындағы жұмыс жоспары талқыланды. Сонымен қатар ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа жолдауындағы өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың маңыздылығы туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Оқушылар мен ұстаздарға барынша қолдау көрсету жайыда талқыланды. Пандемия жағдайында көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйым мүшелеріне жұмысты жандандыру тапсырылды.
"Қамқоршылық кеңес" ұйымының отырысы

Похожие публикации:

20 сентябрь 2016 Мектеп тарихы