Адал ұрпақ » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
октябрь
2020

Адал ұрпақ




Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясында 1-10 сыныптар арасында "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубына оқушыларды қашықтан салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Құрылған ұйымның негізгі мақсаты: мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, құқықтық салауаттылығын арттыру. Еліміздің нағыз
еңбексүйгіш, білімге құштар, салт-дәстүріміз бен рухани адамгершілік құндылықтарымызды қастерлейтін Отансүйгіш патриоттарын тәрбиелеу.
Салтанатты жиында "Адал ұрпақ" еріктілер клубының мүшелері Отанымызға адал қызмет етуге, еліміздің өркендеуіне, мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға, өз үлестерін қосуға салтанатты түрде ант етті. Мектеп-гимназия директоры К.А.Мусаева оқушыларды құттықтай отырып,
ұлтымыздың болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында екендігін атап айтып, еліміздің туын әлемнің биік тұғырларында желбіретіп,
жаңа белестерді бағындыратын, өз Ұлтының мүддесі мен мәртебесін бәрінен биік ұстайтын, нағыз патриоттар болатынына сенім білдірді!