"Директорлық сенб і- ата- ана үні" онлайн-кездесу » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2021

"Директорлық сенб і- ата- ана үні" онлайн-кездесу





Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының директоры К.А. Мусаева және мектеп әкімшілігі
9-11 сынып ата -аналарына арналған "Директорлық сенбі - ата - ана үні" онлайн-кездесуін өткізді. Кездесу барысында мектеп оқушыларының онлайн, оффлайн форматындағы білім алу барысындағы түрлі сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.
9-11 сыныптарының білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары таныстырылды.
Сонымен қатар, ата-аналар назарына оқушыларға құқықтық тәрбие беру барысындағы жүргізілген жұмыстармен, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуда және балалардың бос уақытын ұйымдастыруда психолог мамандарының арнайы кеңестері берілді.
Ата-аналар мектеп әкімшілігі және ұстаздарының тарапынан балаларға білім беру барысында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, ризашылықтарын білдірді.