"Кітап пен қаламгер" әдеби-сазды кездесу кеші » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2022

"Кітап пен қаламгер" әдеби-сазды кездесу кеші






«30 кітап, 30 ән» жобасы аясында «Кітап және қаламгер» атты әдеби-сазды кездесу кеші өткізілді. Кеш қонағы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Көңіл көктемі» атты жыр кітаптарының авторы, ақын, аудармашы Саят Қамшыгер және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана қызметкерлері: Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі-Тұяқова Салима Тоқтасынқызы, Қазақстан кітаптары қызметінің жетекшісі- Рахимова Анар Кәріпбайқызы. Кездесу кешінде 5 сынып оқушылары Саят Қамшыгер шығармашылығынан өлеңдерді жатқа оқып, ақынға өз сауалдарын қойды. Және де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жас кітапханашылары «Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта» атты кітап көрмесімен таныстырып, оқушыларға біршама кітаптардың авторы және мазмұны жайында ақпараттар берді. Кеш соңында белсене қатысқан оқушыларға Ұлттық кітапхана қызметкерлері ынталадыру мақсатында Абай Құнанбайұлының "Қара сөздері" жиынтығын сыйға тартты.