Сыңғырла, соңғы қоңырау! » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2022

Сыңғырла, соңғы қоңырау!






Бастауыш сынып ұстаздарынан алғашқы білімін алып, негізгі және жоғарғы буынға өтіп, өмірде қажеттіліктеріне жарайтын білім нәрімен сусындап, тәрбие тәлімін бойларыңа сіңіріп, бүгінде оң солдарыңды ажырата алатын үлкен азамат болғандары қуантады. 11-сынып жетекшілері Алпысбаева Раушан Дүйсенбайқызы, Бекжанова Салтанат Жұмабекқызы, Қарақбаева Барно Орынбасарқызына ерекше алғыс білдіреміз.
Білім мен тәрбие қатар жүретін білім саласында 2021 жыл Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, мектебімізге есімі берілген Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың 120 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл, Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл, Верныйдың Алматы болып өзгергеніне 100 жыл секілді атаулы даталар мен мерейтойларға біздің ұстаздарымыз бен оқушыларымыз кеңінен қатысып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда өз үлестерін қоса білді.
Бүгін Республикамыздағы мектепті аяқтағалы отырған 170 мың түлектің 70-i 86 мектеп гимназиясын тамамдап отырса, оның «Алтын белгі» аттестатына үміткерлер саны- 8, ал «Үздік» аттестатқа 6- үміткер болып отыр.