Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
2- сыныптар арасында мектепішілік “Қазақстан- ортақ үйіміз” тақырыбында сайыс өткізілді.
24
ноябрь
2022
2- сыныптар арасында мектепішілік “Қазақстан- ортақ үйіміз”
Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру, оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында 2- сыныптар арасында мектепішілік “Қазақстан- ортақ үйіміз” тақырыбында сайыс өткізілді.
4 сыныптар арасында “Ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі” атты мерекелік іс-шара өткізілді.
18
ноябрь
2022
4 сыныптар арасында “Ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі”
Отанын сүйе білуге, бірлікке, ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу, достық, өзара сыйластық ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу мақсатында 4 сыныптар арасында “Ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Сыныптар іс-шараны орыс, өзбек, татар ұлт өкілдері болып бөлініп, сайыс түрінде өткізді. Сайыс “Таныстыру”, “Өз өнерлерін көрсету”, “Жалғасын тап…”, “Ас мәзірі” кезеңдерінен құралды. Оқушылар аса үлкен белсенділік танытты.
“Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік” тақырыбында сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді
17
ноябрь
2022
“Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік” тақырыбында сыныптан тыс
Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес, Жол жүру ережесін білмей тұрып. Мектебіміздің 1- сынып оқушылары арасында оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру, оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу мақсатында “Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік” тақырыбында сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді 👏 Оқушылар жол жүру ережесінде кездесетін белгілерді жақсы білетіндіктерін көрсетті
5-7 сынып оқушылары арасында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен ☀️ "Менің өмірімдегі ең бақытты күн" тақырыбында бейнежазба, презентация байқауы өткізілді.
15
ноябрь
2022
5-7 сынып оқушылары арасында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен
5-7 сынып оқушылары арасында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен ☀️ "Менің өмірімдегі ең бақытты күн" тақырыбында бейнежазба, презентация байқауы өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, номинациялармен марапатталды.
Жаратылыстану-математика пәндер кафедрасының 14-24 қараша аралығында “Жаратылыс сыры ғылымда” тақырыбында онкүндігі өткізіліп жатыр.
14
ноябрь
2022
Жаратылыстану-математика пәндер кафедрасының 14-24 қараша аралығында
Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясының жаратылыстану-математика пәндер кафедрасының 2021-2022 оқу жылының 14-24 қараша аралығында “Жаратылыс сыры ғылымда” тақырыбында онкүндігі өткізіліп жатқандығын хабарлаймыз ! Онкүндік аясында жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысуға шықырамыз.
Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп - гимназиясында шахматтан аймақ аралық сайыс өткізілді.
11
ноябрь
2022
Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп - гимназиясында шахматтан аймақ аралық
Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп - гимназиясында шахматтан аймақ аралық сайыс өткізілді. 7-8 сыныптар аралығында: Сайлаубай Алдияр, Серік Диана, Маратов Нұрасыл, Тілепалды Аружан 9-10 сыныптар арасында: Нұрбай Рауан, Кулумбаев Абылай, Садуақас Алтынай, Сапар Ермуханбет аудандық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің  әлеуметтік педагог  мамандығының 4 курс студенттері педагогикалық практика өту барысында 6-9 сыныптар арасында "қарым-қатынас" тренинг-жаттығуын өткізді.
11
ноябрь
2022
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік
"Балалар жылы" аясында сынып арасындағы қарым-қатынасты нығайту және тиімді командалық өзара әрекеттесуді құру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының жетекшілігімен "Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік педагог мамандығының 4 курс студенттері" педагогикалық практика өту барысында 6-9 сыныптар арасында "қарым-қатынас" тренинг-жаттығуын өткізді. Тренинг нәтижесінде оқушылар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластық дамып, сынып ішіндегі
Әуезов ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушыларының арасында “Менің таңдауым” тақырыбында темекі шегу мен алкоголизмнің алдын алуға арналған семинар тренинг өткізілді.
09
ноябрь
2022
Әуезов ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушыларының
Әуезов ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушыларының арасында “Менің таңдауым” тақырыбында темекі шегу мен алкоголизмнің алдын алуға арналған семинар тренинг өткізілді.
Алматы қаласы Психологиялық Денсаулық Сақтау Орталығының нарколог- дәрігері Трубникова А.А. 9- сынып оқушыларына "Жасөспірімдер арасында есірткі, ішімдік, зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу" тақырыбында дәріс, пікіралмасу өткізді.
08
ноябрь
2022
Алматы қаласы Психологиялық Денсаулық Сақтау Орталығының нарколог-
мектеп психологтары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алматы қаласы Психологиялық Денсаулық Сақтау Орталығының нарколог- дәрігері Трубникова Анна Александровна мен бірлесіп 9- сынып оқушыларына "Жасөспірімдер арасында есірткі, ішімдік, зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу" тақырыбында дәріс, пікіралмасу өткізді. Дәріске оқушылар белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап беріп кері байланыс орнатты.
«Тиімді әдіс-тәсілдер- сапалы сабақ кепілі» тақырыбында бірлестіктер арасындағы 2 күнге созылған әдістемелік байқау қорытындысы анықталып, номинациялармен марапатталды.
04
ноябрь
2022
«Тиімді әдіс-тәсілдер- сапалы сабақ кепілі» тақырыбында бірлестіктер
Сабақ үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің оқытудағы маңызын ажырату,белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу, оқу мен оқытудағы заманауи әдістер туралы білімдерін тереңдете отырып, сабақта қолданатын әдіс түрлерін көрсетіп,шығармашылықпен еңбек етуге жол салу мақсатында «Тиімді әдіс-тәсілдер- сапалы сабақ кепілі» тақырыбында бірлестіктер арасындағы 2 күнге созылған әдістемелік байқау қорытындысы анықталып, номинациялармен марапатталды. Байқауға қатысушылар Бағалаудың жаңа жүйелерінің