Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман!» тренингі
11
октябрь
2021
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман!» тренингі
Мектеп психологы А.Ғ.Нүсүпбек жас мамандармен «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман!» тақырыбында жас мұғалімдердің кәсіби ынтасын арттыру, кездесетін қиыншылықтардан, кедергілерден шығу жолдарын ұғынуға көмектесу, ұжымда жақсы психологиялық ахуал қалыптастыру және қарым-қатынасты нығайту мақсатында жас мамандарға арналған семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг барысында жеке және топтық жұмыстар жасалынды. Жас мамандар топтық жұмыстар жасап, бір-бірінің ойын тыңдап, тәжірибе алмасты. Тренинг
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі
09
октябрь
2021
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Республикалық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі ұйымдастырылып өткізілді. Сайысқа қазақ лигасынан 6 дебат клубы, орыс лигасында 4 дебат клубы қатысты. Қазақ лигасынан Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мг «Самұрық» дебат клубы, орыс лигасынан БИЛ «Аксай БИЛ» дебат клубы үздік деп танылып, қалалық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!!!
"Қарттарын қадірлеген-ел ардақты" қайырымдылық акциясы
08
октябрь
2021
"Қарттарын қадірлеген-ел ардақты" қайырымдылық акциясы
Акция аясында Мектебіміздің Парламент мүшелері қарттар үйіне мерекелік концерттік бағдарлама мен қарттарымызға арналған сыйлықтар тарту етті. Осындай айтулы іс шараға №86 мектеп-гимназия ұстаздары,ата-аналары, оқушылары белсенді қатысты. Мектеп Парламенті мүшелерінің ұйымдастырған қарттар айлығы барысында "Қарттарын қадірлеген- ел ардақты" қайырымдылық акциясына ат салысқан барлық оқушылар мен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!!! Жақсы істің басында жүріп ерекше ат салысқан 1в,1г,3д,4а,8в,8д
"Дұрыс таңдау жасаңыз" тақырыбындағы 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру
29
сентябрь
2021
"Дұрыс таңдау жасаңыз" тақырыбындағы 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік
Алматы қаласы, Әуезов ауданы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Д.Н.Бейсен мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Н.Жакыпбекованың ұйымдастыруымен 9-10-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру бойынша "Дұрыс таңдау жасаңыз" тақырыбында профдиагностика жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға барлық оқушылар жоғары қызығушылықпен ат салысты.
"Алматы- армандар қаласы" тақырыбында мини футболдан жарыс
24
сентябрь
2021
"Алматы- армандар қаласы" тақырыбында мини футболдан жарыс
Қала күніне арналған іс-шара жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәні мұғалімдері Е.Түрбеков пен Р.Байжиеновтың төрелігімен 10 сыныптар арасында мини футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тілдер мерекесі аясында "Ұлтымыздың ұлы ұстазы –  Ахмет Байтұрсынұлы" атты онкүндік өтті
15
сентябрь
2021
Тілдер мерекесі аясында "Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы"
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Досқазиеваның 7 "А" сыныбымен өткен "Алаш зиялылары"тақырыбында тұлғаны танып-біл оқыта үйрету ойыны. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ұлттық тәрбиенің негізін қалаушы ата-ағаларымыздың өмірін танып-білуге жол ашқан шығармашылық сабақ жоғары дәрежеде өтті.
«Отбасы күні махаббат пен адалдықтың белгісі» тақырыбында отбасы күніне арналған іс-шаралар
07
сентябрь
2021
«Отбасы күні махаббат пен адалдықтың белгісі» тақырыбында отбасы
View this post on Instagram A post shared by Ғ.Мүсірепов атындағы (@g.musrepov_86gimnaziya)
«Отбасы күні –махаббат пен адалдықтың белгісі» тақырыбындағы өткізілген іс шаралар
04
сентябрь
2021
«Отбасы күні –махаббат пен адалдықтың белгісі» тақырыбындағы
Отбасы күніне орай, 1-2 сыныптарда «Ата-анам менің ең жақын досым», 3 сыныптар арасында «Ағаш тамырымен, адам-отбасымен», 4 сыныптарда «Әркімнің болу керек өз отаны-отбасы» , 5-8 сыныптарда "Отбасым-қуаныш пен мейірім аралы», 9-11 сыныптарда «Өнегелі отбасының керегесі алтын» тақырыбында суреттер, эсселер байқауы ұйымдастырылды. Өскелең ұрпаққа отбасылық құндылықтарды бағалауға, ата-анаға деген құрмет пен отбасылық жылылық пен қамқорлықтың маңыздылығын арттыруда тәрбиелік іс шаралар