Әдістемелік жұмыстар » Страница 3 » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен зияткерлік олимпиада өтті
23
январь
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен зияткерлік олимпиада өтті
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 16.01.2024ж. күні 5-сыныптар арасында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен зияткерлік олимпиада өтті. Оқушыларды "Ілияс",  "Сәкен", "Бейімбет" тобы деп 3 деңгейлік тапсырмалар орындады. Оқушылардың зейіндері ашылып, білімдері арта берсін.
Үш бәйтеректің" 130 жылдық мерейтойына арналған іс-шара
22
январь
2024
Үш бәйтеректің" 130 жылдық мерейтойына арналған іс-шара
"Ұлтын сүю - ұлылық" Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 17.01.2024ж. күні Ұлттық кітапханада "Жақсы кітап кітап - жан азығы" саяхат сабағы өтті. Сабақтың мақсаты "Ұлт зиялылары" "Үш бәйтеректің" 130 жылдық мерейтойына арналған ұлылардың шығармалары мен мәдени мұралары туралы оқушы білімін тереңдету, ұлттың және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту. 8 "А" сынып оқушысы Тулен Диляра, 8 "Б" сынып оқушысы Мелдебек Жұбаныш, 9 "А" сынып оқушысы Болат Нұрсұлтан, 9 "Д" сынып оқушысы Хайрлы
«Мен ұқсағым келетін адамдар». /Әбілхан Қастеевтің  120 жылдығы/
16
январь
2024
«Мен ұқсағым келетін адамдар». /Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы/
16.01.2024ж. күні Олардың өмірі- үлгі. «Мен ұқсағым келетін адамдар» тақырыбында 1-11 сыныптарына Қазақстанның кәсіби сурет өнерінің бастау бұлағында тұрған қылқалам шебері, аса дарынды суреткер – Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл толуына байланысты сынып сағаттары өткізілді. Қайталанбас қолтаңбасы бар дарабоз суретшінің артында үш мыңнан астам түрлі жанрдағы картиналар қалды. Ол - қазақ көркемсурет өнерінің баға жетпес қазынасы саналады.  
«Ұлтын сүю – ұлылық» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі басталды
16
январь
2024
«Ұлтын сүю – ұлылық» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі
«Ұлтын сүю – ұлылық» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі басталды. Онкүндік 15.01-26.01. уақыт аралығында өтеді. «Ұлтын сүю – ұлылық» тақырыбында өтетін онкүндіктің мақсаты: «Бес арыс» және «Үш бәйтерек» аталған ұлылардың шығармалары мен мәдени мұралары туралы оқушы білімін тереңдету, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту. Мектеп ұстаздары мен оқушыларын онкүндікке белсене қатысуға шақырамыз!
“ Ақыл айтпа, жол көрсет”, “Жасөспірімдердің бейімделуі” тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы  өтті
15
январь
2024
“ Ақыл айтпа, жол көрсет”, “Жасөспірімдердің бейімделуі” тақырыбында
Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау аясында “ Ақыл айтпа, жол көрсет”, “Жасөспірімдердің бейімделуі” тақырыбында 7 “А” сынып жетекшісі Қарабатырова Арайлым мен 8 “Б” сынып жетекшісі Сатымбаева Жанар бірігіп ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағын  өтті.  Сабақтың мақсаты: тәрбиенің ең тамаша жері  отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін айту, баламен қарым-қатынасты жақсарту. Сабақ басында ата-аналар өздерінің балаларының бастапқы әріпінен
"Инабатты қыз, иманды ұл тәрбиесі - ұлт қазынасы"
19
декабрь
2023
"Инабатты қыз, иманды ұл тәрбиесі - ұлт қазынасы"
Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету; Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу; Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу мақсатында 1-11 сынып оқу "Инабатты қыз, иманды ұл тәрбиесі - ұлт қазынасы" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен сынып сағатын өтті
14
декабрь
2023
Мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен сынып сағатын
«Елімнің еркіндігі –тәуелсіздік» тақырыбындағы тәрбие сағатын мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен бірге өтті. Мақсаты: 1.   16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі  екенін, оның  тарихын  түсіндіру. Тәуелсіз еліміздің рәміздері және ескерткіштерімен  таныстыру; 2.  Тәуелсіздікті сақтау үшін білімді болу керек екендігін түсіндіру;  3.  Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтауға, Отанды  сүюге тәрбиелеу;
«БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумы
12
декабрь
2023
«БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумы
Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған «БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумының "Әлемді өзгерткен ғылым" номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 11 "Б" сынып оқушысы Даутбай Бекзат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: Махамбетова Ж.
"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары
12
декабрь
2023
"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-11 сынып оқушыларының арасында "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
"Жүзден жүйрік" интеллектуалдық сайысы өтті
06
декабрь
2023
"Жүзден жүйрік" интеллектуалдық сайысы өтті
"Тарих тұтқасы бізге аманат тақырыбындағы" онкүндік аясында Г.К.Абажанованың ұйымдастыруымен 5 сынып оқушылары  арасында тарих пәнінен "Жүзден жүйрік" интеллектуалдық сайысы өтті!