Мектеп мұражайы » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2021

Мектеп мұражайы











Ғ.Мүсірепов атындағы мектеп мұражайының салтанатты ашылу рәсімі.
Көркем сөз әлеміндегі кесек тұлға, тамаша сөз зергері, майталман
жазушы, ірі драматург, публицист, киносценарист, қоғам қайраткері, ғалым
Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің 110 жылдық мерейтойы қарсаңында 2012
жылы 14 наурызда мектеп мұражайы ашылды.
Салтанатты шараға мектептің қазақ мектебі болып қалыптасуына үлес
қосқан мектеп басшылары мен ардагер ұстаздар, қоғам қайраткерлері мен
ақын-жазушылар, жазушының қызы, қалалық білім басқармасының
мамандары мен аудандық білім бөлімінің басшысы, ата-аналар, мектеп
түлектері қатысты.
Кеште бас дирижер Жалғасбек Бегендиковтің жетекшілігімен
Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт-аспаптар оркестрі
күйден шашу шашса, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар мен
жасөспірімдер театрының шығармашылық ұжымы қойылым қойып, атааналар мен мектеп өнерпаздары концерт берді.
Мұражайдағы мұрағаттар төмендегідей тақырыптарға бөлінген.
Абайды білмек парыз ойлы жасқа...
Өмірбаяндық өрнектер
Көркем сөздің зергері
Ғабит-қоғам қайраткері
Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз ананы...
Драма жанрын дамытушы
«Ана тілімізді анамыздай ардақтайық»
Рухани ортасы
«Әдебиетіміздің Қазбегі мен Эльбрусы»
Ғаламның ғұламасы
Халқы сүйген қаламгер
Мұражайдың ең құнды жәдігерлері – жазушының костюмі, бас киімі,
көзілдірігі, мундштугі, қарындашы және әр жылдарда жарық көрген
кітаптары, сонымен бірге мемлекеттік мұрағаттан алынған суреттері, хаттары,
қолжазбаларының көшірмелері. Мұражайда қолтаңбаға арналған альбом,
қонақтардың кәдесыйлары, Ұлттық Банктің ұлт зиялыларының мерейтойына
арнап шығарған теңгелері, «Ғабит оқуларына» қатысқан оқушылардың,
мұғалімдердің Алғыс хаттары бар.
Жазушының костюмі -1; бас киімі – 1; мундштугі -1, қарындашы -1;
Жазушының кітабы – 19;
Мұрағат материалдарының көшірмесі -22;
Қонақтардың сыйға тартқан кітабы – 30:
Кәдесый – 33;
Ұлттық Банктің Ғ.Мүсіреповтің мерейтойына арнап шығарған теңгесі –
1;
Дискілер – 7;
Оқушы шығармашылығынан буклеттер – 3, ғылыми жоба – 3;
Фото-суреттер – 56;
Қолтаңба қалдыруға арналған альбом – 2.
Мұражай қонақтары: Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Д.Исабеков,
қоғам қайраткері, ақын М.Шаханов, журналист А.Сейтханов, академик С.
Мәжитов, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, ақын А.Әлімұлы, «Қазақ
газеттері» ЖШС қызметкері Л.Ноғайбаева, «Үркер» журналынан жазушы
Ж.Сәрсек, балалар жазушысы Ә. Файзоллаұлы, профессор З. Бисенғали, әлФараби атындағы ҚазҰУ-дың доценттері Ә.Әміров, Шолпан Мұқағалиқызы
Мақатаева, Алматы қаласы ювеналды сотының судьясы Е.Қасымбеков,
жазушы С.Балғабаев, балалар ақыны С.Қалиев, КИМЭП-тің аға оқытушысы
Т.Жанаділов, белгілі журналист Бейсен Құранбек, абайтанушы, профессор
Бекен Шерубаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Мемлекеттік
«Дарын» сыйлығының иегері Әсел Мамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген
әртісі Сағат Жылгелдиев, Досхан Жолжақсынов, «Бөбек» орталығы «Өзін-өзі
тану» гуманитарлық колледжінің ұстаздары, «Алматы ақшамы» газетінің
редакторы Қали Сәрсенбай, академик Азимхан Сатыбалдин, профессор
Фарида Козыбаева, желтоқсаншылар Қасым Әбілқайыров, Шара Қалықұлы,
Эльмира Халимбетова, соғыс ардагері Б.Құрамысов, тәрбие бөлімінің бастығы
Қ. Молдабаева, қалалық білім бөлімінің бастығы Г.Ходжабергенова, Әуезов
ауданы білім бөлімінің бастығы С.Байгуттинов, аудандағы мектеп
директорлары, мұғалімдер, Республикалық біліктілікті арттыру институты
тыңдаушылары мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
қызметкерлері мен тыңдаушылары, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік
академиялық балалар мен жас өспірімдер театрының актерлері Әсет Есжан,
Мақсат Сабитов, мектебіміздің түлектері актер, режиссер, продюсер Ерлан
Қасымжанұлы мен Әлихан Кәріпхан, «Хабар» арнасы «Жаңа күн»
бағдарламасының түсіру тобы, журналист Тойгүл Нұржанқызы, әр
жылдардағы мектеп бітіруші түлектер, сатирик-жазушы Толымбек
Әлімбекұлы, журналист, редактор Қыдыралы Қойтай, «Нұр Отан» партиясы
Әуезов ауданы филиалының белсенді мүшелері, Педагогикалық Шеберлік
Орталығының ұжымы, директоры Б.Асубаев, аға менеджерлер А.Алимов, А.
Бипажанова, Д.Ибраимов, А.Сақтағанова, Ғ.Толықбаева, З.Мейрханова,
республикалық директорлар курсының тыңдаушылары, мектебімізде өтетін әр
түрлі іс-шараға қатысушы қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары,
т.б.
Мұражай талай рухани кештің орталығына айналды.
Мектеп ұжымы Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен әдеби-шығармашылық
мұрасын насихаттау барысында С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік
әдеби-мемориалдық музей кешенімен тығыз байланыс жасап, «Ғабит
оқуларына» қатысып, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар мен
жасөспірімдер театрына оқушыларды үнемі апарып отырады.
Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа
технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының» 23.04.2013ж. №2-
2.2/082 бұйрығымен жалпы білім беретін орта мектептердің 1-7 сыныптары
үшін Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп мұражайының меңгерушісі Досқазиева
Ботагөз Қисамадинқызының «Көркем сөздің зергері» атты 8-9 сыныптарға
арналған бейінді және бейіналды элективті курс бағдарламасы осы оқу
жылынан бастап Алматы қаласындағы мектептерде оқытыла бастады.
Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясындағы мектеп
мұражайының меңгерушісі Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы - қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Похожие публикации:

20 сентябрь 2016 Мектеп тарихы
22 октябрь 2015 тарихы