«Эмоционалды интеллект» қалалық олимпиадасы
Алматы қаласы Білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ ұйымдастырған «Эмоционалды интеллект» қалалық олимпиадасына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 7 «В» сынып оқушысы Сманәлі Аида – III орын, жетекшісі: Джакаева Г.Ж. 8 «В» сынып оқушысы Тажихан Қарақат – III орын, жетекшісі: Нүсүпбек А.Ғ. 9 «Б» сынып оқушысы Меркатова Еркем – II орын, жетекшісі: Нүсүпбек А.Ғ.Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз.