Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
8 “Д” сынып оқушысы Шырынбек Бағжан таэквондодан Өзбекстанның Наманган қаласында өткен “Namangan Open Uzbekistan” халықаралық жарысында жасөспірімдер арасында 61кг салмақ дәрежесінде 2 орынды иеленді
02
ноябрь
2022
8 “Д” сынып оқушысы Шырынбек Бағжан таэквондодан Өзбекстанның
Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясының 8 “Д” сынып оқушысы Шырынбек Бағжан таэквондодан Өзбекстанның Наманган қаласында өткен “Namangan Open Uzbekistan” халықаралық жарысында жасөспірімдер арасында 61кг салмақ дәрежесінде 2 орынды иеленді 🎉 Қайсарлық, өршілдік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс таныта отырып, халықаралық сайыстарда лайықты дәрежеде өнер көрсете білген оқушымызға тек жеңістер тілейміз !
Әуезов аудандық білім бөлімінің аудандық “Үздік педагог - 2022” конкурсының нәтижесі жарияланып, Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп - гимназиясының ұстазы Досказиева Ботагоз Кисамадиновна ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
01
ноябрь
2022
Әуезов аудандық білім бөлімінің аудандық “Үздік педагог - 2022”
Алматы қаласы Білім басқармасы Әуезов аудандық білім бөлімінің аудандық “Үздік педагог - 2022” конкурсының нәтижесі жарияланып, Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Досказиева Ботагоз Кисамадиновна ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық “Ұстаз” кәсіподағы 50 000 теңге көлемінде сыйақы берді. Ұстазымызға шығармашылық табыстар тілейміз.
Түркия Республикасының, Солтүстік Кипр аралының Гирне қаласында ГТФ Таэквондодан өткен Халықаралық Евразия Чемпионатына қатысып, 3 “А” сынып оқушысы Хожамуратов Даниал 2-орынды қанжығасына байлап келді.
31
октябрь
2022
Түркия Республикасының, Солтүстік Кипр аралының Гирне қаласында ГТФ
“Алматы облысының Ғаламдық Таэквондо Федерациясы” ҚБ, 2022 жылдың 24-31 аралығында Түркия Республикасының, Солтүстік Кипр аралының Гирне қаласында ГТФ Таэквондодан өткен Халықаралық Евразия Чемпионатына қатысып3 “А” сынып оқушысы Хожамуратов Даниал 2-орынды қанжығасына байлап келді. Шәкіртімізді шын жүректен құттықтай отыра, тек биіктен көріне берсін дейміз.
"Ұлы дала-Ұлы Абай" атты кеш қатысушылары
09
август
2022
"Ұлы дала-Ұлы Абай" атты кеш қатысушылары
Абай күніне және Әуезов ауданының 50 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған "Ұлы дала- Ұлы Абай" атты шығармашылық кешінде мектеп оқушылары Исмағұл Толғанай "Желсіз түнде жарық ай" әнін шырқаса, Махмұтбай Махфуза, Нұрманқұл Сезім, Джамантаева Наргиз, Есенгелдиева Динара Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салып, дипломдармен марапатталды.
"Білім беру үдерісіндегі жаңару мен жаңғыру" атты тамыз  конференциясының  пленарлық отырысы
08
август
2022
"Білім беру үдерісіндегі жаңару мен жаңғыру" атты тамыз
8 тамыз күні Желілік АБАЙ мектептерінің "Білім беру үдерісіндегі жаңару мен жаңғыру" атты тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті. 86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатымбаева Жанар Манатқызы, тренері Толықбаева Ғалия Нұрманқызымен бірге баяндама оқыды. "25 кітап, 25 ән" жобасындағы жазба жұмыстары қалай іске асатындығын іс-тәжірибе жұмысында көрсетті. Отырыс қатысушылары 86 мектеп-гимназия ұжымының осы жобаны жүзеге асырудағы ұстаздардың еңбегіне,
"Жасампаз жас ұстаз" кездесу
07
июнь
2022
"Жасампаз жас ұстаз" кездесу
7 маусым күні НЗМ-нің басшысы Күләш Ноғатайқызы Шамшидинова Алматы қаласындағы жас педагогтармен еркін-әңгіме кездесу жасады.Кездесу барысында жаңартылған білім беру мазмұнында кездесетін қиындықтар мен кедергілер жайлы сұхбат болды. Кездесуге мектебіміздің дарынды, жас ұстазы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сатымбаева Жанар Манатқызы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісіп, ой пікірлерін ортаға салып, пікіралмасты.
"Үздік шығармашылық қолөнер"номинациясының жеңімпазы
01
июнь
2022
"Үздік шығармашылық қолөнер"номинациясының жеңімпазы
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша кірістер департаменті "Балаларды қорғау" күніне орай өткізілген балалар шығармашылық байқауында "Үздік шығармашылық қолөнер" номинациясы бойынша 4"В" сынып оқушысы Нұрманқұл Аянат "Бір пара, екі қылмыскер" тақырыбында қолөнер бұйымын жасап, қала бойынша жүлделі 3 орынды иеленіп, самокат сыйлыққа алды. Шәкірттерімізді жеңістерімен құтттықтаймыз!!!
«Балаларды қорғау» күніне орай өткізілген балалар шығармашылық байқауы
01
июнь
2022
«Балаларды қорғау» күніне орай өткізілген балалар шығармашылық байқауы
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Балаларды қорғау» күніне орай өткізілген балалар шығармашылық байқауында «Үздік шығармашылық қолөнер» номинациясы бойынша 4 «В» сынып оқушысы Нұрманқұл Аянат «Бір пара, екі қылмыскер» тақырыбында қолөнер бұйымын жасап қала бойынша жүлделі 3 орынды иеленіп, самокат сыйлыққа алды. Оқушымызды балалар күнімен және жеңісімен құттықтаймыз
"Елбасы медалі" қола жүлдегері: Курбанов Қайрат
20
май
2022
"Елбасы медалі" қола жүлдегері: Курбанов Қайрат
Еліміздегі ең ауқымды «Елбасы медалі» жобасы бойынша қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдірді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады. «Елбасы медалі» финалына шығып алдағы жеңістерінің бастауы болатын - «Елбасы Медалі» жобасының қола медаль иегері Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 11 «Б» сынып оқушысы Курбанов Қайрат Қанатұлы
"Елбасы медалі" қола жүлдегері: Әскерова Айым
20
май
2022
"Елбасы медалі" қола жүлдегері: Әскерова Айым
Еліміздегі ең ауқымды «Елбасы медалі» жобасы бойынша қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдірді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады. «Елбасы медалі» финалына шығып алдағы жеңістерінің бастауы болатын - «Елбасы Медалі» жобасының қола медаль иегері Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 10 «В» сынып оқушысы Әскерова Айым Досымқызы