Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Сенім арту жетістік кепілі '' тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
30
апрель
2024
"Сенім арту жетістік кепілі '' тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналарды  қолдау сабағын  сынып жетекшілер Жұбанышева  Г.Т. мен Берикбаева Д.Ж. психолог Джакаева өткізді. Жиналысқа 1 «А», 2 «Б» сынып ата-аналары қатысты. Сабақ "Сенім арту жетістік кепілі '' тақырыбында өтті. Ата-аналар  қиын жағдайда баланың жағдайын айырып танитын және ден қоюдың оңтайлы  тәсілдерімен танысты. Баласының жеке ерекшеліктерін ескере отырып,жедел және психологиялық негізделген қолдау  көрсету әдістерін меңгерді.
«Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
29
апрель
2024
«Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы» тақырыбында жалпы
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. «Қабылдау», «құрметтеу», «шынайылық» сияқты ұлттық құндылықтар – адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынастың негізі; 2. «Айналайын» ұғымы, отбасында балаға жан-жақты қолдау көрсету 3. Жылдық кіріс шығыс есебі 4;Оқушылардың себепсіз сабақтан кешігуі және қалуы, мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауы
«Аяулым, ардақтым ана жан!» сынып сағаты
05
март
2024
«Аяулым, ардақтым ана жан!» сынып сағаты
Оқушыларды ананы ардақтай білуге тәрбиелеу; ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп, оқушылардың танымына ой түсіру; оқушылардың анаға деген махаббатын ояту, рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту мақсатында "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай 1-11 сынып оқушалары арасында «Аяулым, ардақтым ана жан!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Ата-аналарға арналған "Ашық есік" күні өткізілді
01
ноябрь
2023
Ата-аналарға арналған "Ашық есік" күні өткізілді
01.11.2023ж. ата-аналарға арналған "Ашық есік" күні өткізілді. Ашық есік – біздің мектебіміз үшін нағыз мереке.  Ұстаздар мен мектеп әкімшілігі ата-аналарды жылы қарсы алып, олардың барлық сұрақтарына жауап берді. 1-11 сынып  ата-аналары қатыса алды. Мұндай "Ашық есік" күні әр тоқсан аяқталғаннан кейінгі демалыс уақыттарында қойылып отыратын болып шешілді.
Отбасы күніне байланысты "Әке асқар тау, биік шың" атты әкелер форумы
08
сентябрь
2023
Отбасы күніне байланысты "Әке асқар тау, биік шың" атты әкелер форумы
Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл - ауқаты жақсарады. Отбасы күніне байланысты "Әке асқар тау, биік шың" атты әкелер форумына көпбалалы әке Тұрбеков Ербол қатысып келді! Форумда тәрбиеге,
#Омбудсменкеңесі
30
март
2023
#Омбудсменкеңесі
Ата-аналарға арналған жадынама: Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керек ❗️ Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Тіпті шұғыл түрде көшеге шығу керек болса да, көршілеріңізден балаларыңызға қарауларын сұраңыз. Сондай-ақ, кішкентай балаларды үлкен балалардың қамқорлығына ұзақ қалдыруға болмайды. Бұл ата-аналардың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті. ❗️ Бала терезенің алдына шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрін терезеден алыстатыңыз. ❗Москит торларына сенбеңіз! Олар
“Отбасы-бақыт мекені”
16
февраль
2023
“Отбасы-бақыт мекені”
16 ақпан күні Саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында “Отбасы-бақыт мекені” тақырыбында “Сенімен болашақ” республикалық қоғамдық бірлестігі семинар-тренинг өткізді. Ата-аналармен кері байланыс жасалып, сұрақтарға жауап берілді.