» Материалы за Сентябрь 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Әкімшілік

Автор: admin от 22-09-2016, 03:43, посмотрело: 214

0 Әкімшілік
Айтжанова Гульсум Мухаметжановна - 1988 жылдан қазірге дейін Алматы қаласы №86 мектеп-гимназияда физика пәні мұғалімі. 2011 жылдан осы білім ордасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Білім беру жүйесінде шығармашылық еңбектерімен көрініп, оқу-тәрбие саласына өзіндік үлес қосып келе жатқан ұстаз. Ізденімпаз, өз ісінің шебері, әдіскер, шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беруде өзінің кәсіби шеберлігін үнемі арттыру үшін жұмыс жасайды. Өз пәнінің білгірі, компьютерді, интерактивті тақтаны өте жақсы меңгеріп, өз практикасында, сабақ беру барысында тиімді қолданады. Мұғалімдер ұжымы мен ата-аналар арасында беделді.
Айтжанова Гульсум Мухаметжановна - сабағын өз деңгейінде өткізе білетін жаңашыл ұстаз. Жас ұрпақты оқыту, оқыта отырып тәрбиелеу негізінде физика пәні бойынша сабақтарын қызықты, тәжірибелі өткізеді. Ізденімпаз, жаңашыл ұстаз.

Категория: Әкiмшiлiк

 

Әкімшілік

Автор: admin от 22-09-2016, 03:39, посмотрело: 189

0 Әкімшілік
Ахимбекова Разхан 1977 жылдан Алматы қаласы №86 мектеп-гимназияда бастауыш сынып мұғалімі. 1995 жылдан осы уақытқа дейін Алматы қаласы №86 мектеп-гимназияда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Ол - кішіпейіл, ізденімпаз, жаңашыл, тиянақты, үлкен-кішімен бірдей тіл табысып, қиындыққа мойымай жемісті еңбек ететін, қайратты, білімді ұстаз. Ол өзінің білімінің тереңдігімен, ізденімпаз, жаңашылдығы мен тиянақтылығының арқасында жемісті еңбек етіп келеді
Ахимбекова Разхан - өз жұмысына ұқыпты қарайтын еңбекқор, тәжірибелі, теориялық білімі терең, ата-аналар мен ұжым арасында беделді ұстаз.

Категория: Әкiмшiлiк

 

Әкімшілік

Автор: admin от 22-09-2016, 03:29, посмотрело: 170

0 Әкімшілік
Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы 2003 жылдан бері Алматы қаласындағы №86 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2009-2015жылдары қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жетекшісі, 2015 жылдан бері директордың ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
Оқыту барысында жоғары көрсеткіштер мен сапаға ие болған, сабақтары республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналдарда, ал электронды нұсқалары ғаламтордағы «Ашық сабақтар», «Білімділер» Халықаралық веб сайтында жарық көрген жаңашыл педагог, «Көркем сөздің зергері» атты 8-9 сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасының авторы. Оқушылары олимпиадалар мен ғылыми жобалардың иегері, шығармалар байқауының жеңімпазы. Өзі де «Білімділер» веб порталы ұйымдастырған республикалық ұстаздарға арналған бәйгенің «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша 3-орын жүлдегері, қала әкімі грантының иегері.

Категория: Әкiмшiлiк

 

Әкімшілік

Автор: admin от 22-09-2016, 03:27, посмотрело: 144

0 Әкімшілік
Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы 2003 жылдан бері Алматы қаласындағы №86 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2009-2015жылдары қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жетекшісі, 2015 жылдан бері директордың ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
Оқыту барысында жоғары көрсеткіштер мен сапаға ие болған, сабақтары республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналдарда, ал электронды нұсқалары ғаламтордағы «Ашық сабақтар», «Білімділер» Халықаралық веб сайтында жарық көрген жаңашыл педагог, «Көркем сөздің зергері» атты 8-9 сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасының авторы. Оқушылары олимпиадалар мен ғылыми жобалардың иегері, шығармалар байқауының жеңімпазы. Өзі де «Білімділер» веб порталы ұйымдастырған республикалық ұстаздарға арналған бәйгенің «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша 3-орын жүлдегері, қала әкімі грантының иегері.

Категория: ---

 

Әкімшілік

Автор: admin от 22-09-2016, 03:26, посмотрело: 189

0 Әкімшілік
Аскерова Гүлжаухар Нурсеитовна жоғары деңгейдегі жоғары біліктілік санатты математика пәні мұғалімі. 2000 жылдан қазірге дейін Алматы қаласы №86 мектеп-гимназияда математика пәні мұғалімі. 2003 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Ол оқушыларға сапалы білім бере отырып, сабағын шығармашылық ізденіспен өткізеді. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы пәнге деген оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушыларды, мұғалімдерді ұйымдастыра алады. Әріптестеріне уақытылы талап қоя біледі. Ата-аналар, ұжым, оқушылар арасында беделді.
Шығармашылық тақырыбы: «Оқушылардың өзіндік ізденгіштігін туғызу арқылы жоғары білім сапасына жету». Аскерова Гүлжаухар ізденімпаз, өз ісінің шебері, әдіскер, шәкірттеріне сапалы білім саналы тәрбие беруде өзінің кәсіби шеберлігін үнемі арттыру үстінде.
Аскерова Гүлжаухар Нурсеитовна – білімді, жаңашыл, тәжірибелі ұстаз. Өз пәнін жетік білетін ұстаз.

Категория: Әкiмшiлiк

 

Әкімшілік

Автор: admin от 22-09-2016, 03:24, посмотрело: 185

0 Әкімшілік
Башаева Жанар Жолдыбаевна - жоғары деңгейдегі жоғары біліктілік санатты бастауыш сынып мұғалімі. 2012 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Башаева Жанар Жолдыбаевна – шығармашылықпен айналысатын, ізденімпаз, талап қоя білетін, әр іске тиянақтылықпен, жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Жанар Жолдыбаевнаның алдына қойған проблемалық мақсаты сабағында баланың логикалық ойлауын, шебер сөйлеу қабілетін халық педагогикасын және ойын элементтерін пайдалана отырып арттыру болса, ұстаз бұл проблеманың жүзеге асуына әр сабағында зор көңіл бөліп отырады. Жаңашыл ұстаз өз сабақтарын үнемі заман талабына сай жаңа технологияларды, озық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізеді. Тіл дамыту жұмысында негізінен оқушылардың ойын жүйелі айтуға үйретеді. Сабағында жаңа технологиялық үрдістерді тиімді пайдалана біледі, оқушыларды тыңдау, оқу, жазу, екеу ара сөйлесу, жеке тақырыппен жұмыс жасауға үйрету үшін әр түрлі сабақтың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.
Башаева Жанар Жолдыбаевна – үлгілі ұстаз, адамгершілігі жоғары, жанашыл ұстаз. Ұжыммен, оқушылармен ынтымақтастықта тығыз жұмыс жасайтын ізденімпаз ұстаз. Ұстаз өз ісіне адал берілген, жауапкершілігі мол, әріптестер, оқушылар, ата-аналар арасында беделді. Оқушыларды жоғары адамгершілік құндылықтарға, ұлттық патриоттық сезімге, дербестікке тәрбиелейді.

Категория: Әкiмшiлiк

 
 

Ұстаздар

Автор: admin от 21-09-2016, 02:48, посмотрело: 165

0  ҚР білім беру ісінің үздігі

Категория: Октушылар

 

Сабақ кестесі

Автор: admin от 20-09-2016, 02:24, посмотрело: 268

0 Сабақ кестесі

Категория: Окушыларга

 

Қоңырау кестесі

Автор: admin от 20-09-2016, 01:54, посмотрело: 413

0 Қоңырау кестесі

Категория: Окушыларга

 
Назад Вперед