«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сандық технологияны тиімді қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сандық технологияны тиімді қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті
17
апрель
2024

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сандық технологияны тиімді қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті

     №133 мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 15 сәуірде Алматы қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне   «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сандық технологияны тиімді қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Ләззатгүл Қасенқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сандық технологияны қолданудың тиімді әдістері» тақырыбында  шеберлік,  семинар сабағын өтті.   Сабақта қолданатын    сандық ресурстарға тоқталып, Wordwall, Flippity, Genially, Lumio бағдарламасындағы интерактивті тапсырма құру сервистеріне тоқталып, түрлі презентациялар мен ойындар, тест түрлерін құрастыру арқылы оқушының танымын кеңейтуге болатынын белсенді іс-әрекеттер арқылы көрсетті.  Jamboard, Gynzy, Stormbourd, Whiteboard сандық тақталарының ерекшеліктеріне тоқталып, миға шабуыл, кері байланыс, түрлі кестелер, диаграммаларды жасаудың тиімді жолдарын көрсетті.
       Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатымбаева Жанар Манатқызы         №133 мектеп-гимназиясының 6-сыныбына қазақ тілінен «Отырар кітапханасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. «learningapps» бағдарламасы  бойынша топтық, жұптық жұмыстар жасату тапсырмалары сәтті болды. «Canva» сайтымен презентация көрнекілігі оқушылар үшін қызықты болды. «Jamboard» тақтасы арқылы оқушылардан  кері байланыс алынды.
       Аталған мұғалімдердің заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін меңгерген озық тәжірибелері ескеріліп, Алматы қаласы білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.