Материалы за 16.01.2024 » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қолғанат Мұраттың “Мұғалім” қойылымын тамашалап  қайтты
16
январь
2024
Қолғанат Мұраттың “Мұғалім” қойылымын тамашалап қайтты
💬 8-11 сынып оқушылары Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрындағы Қолғанат Мұраттың “Мұғалім” қойылымын тамашалап  қайтты. Қойылымда бүгінгі күннің өзекті мәселелері қамтылған. Отбасы құндылығы, оқушы-мұғалім, мұғалім-ата-ана, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қозғалған. Ой саларлық мәселелер қолғалған қойылым  оқушыларға қатты  ұнады 👏🏻💐
«Мен ұқсағым келетін адамдар». /Әбілхан Қастеевтің  120 жылдығы/
16
январь
2024
«Мен ұқсағым келетін адамдар». /Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы/
16.01.2024ж. күні Олардың өмірі- үлгі. «Мен ұқсағым келетін адамдар» тақырыбында 1-11 сыныптарына Қазақстанның кәсіби сурет өнерінің бастау бұлағында тұрған қылқалам шебері, аса дарынды суреткер – Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл толуына байланысты сынып сағаттары өткізілді. Қайталанбас қолтаңбасы бар дарабоз суретшінің артында үш мыңнан астам түрлі жанрдағы картиналар қалды. Ол - қазақ көркемсурет өнерінің баға жетпес қазынасы саналады.  
«Ұлтын сүю – ұлылық» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі басталды
16
январь
2024
«Ұлтын сүю – ұлылық» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі
«Ұлтын сүю – ұлылық» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі басталды. Онкүндік 15.01-26.01. уақыт аралығында өтеді. «Ұлтын сүю – ұлылық» тақырыбында өтетін онкүндіктің мақсаты: «Бес арыс» және «Үш бәйтерек» аталған ұлылардың шығармалары мен мәдени мұралары туралы оқушы білімін тереңдету, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту. Мектеп ұстаздары мен оқушыларын онкүндікке белсене қатысуға шақырамыз!