"Нашақорлық және оның салдары" дәрісі
Нашақорлықтың тиімді алдын алу жолдары, есірткіні қолданудың зиянды әсерлерінің салдарын түсіндіру мақсатында "Наркостоп" қоғамдық қорынан аддиктолог: Тажибаева Ерлан Бегуллаевич "Нашақорлық және оның салдары" тақырыбында 8-10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Адамның салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеу, мемлекетте қолайлы өмір сүру ортасын құру, өмірдің жоғары әлеуметтік стандарттарына қол жеткізу, жұмыссыздықты азайту, білімге қол жетімділікті кеңейту мәселесінің маңызды екендігі айтылды.