"Ахмет - сөз көсемі" атты интеллектуалдық ойын сабағы
"Тілім менің - тірлігімнің айғағы" онкүндігі аясында 7 "А, Б, В, Г, Д" сыныптары арасында "Ахмет - сөз көсемі" атты интеллектуалдық ойын сабағы болып өтті. Сайыс мақсаты: ұлт зиялыларының өмір жолдары, шығармалары мен мәдени мұралары туралы оқушы білімін тереңдету, ана тілді құрметтеуге, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, шешендік сөз өнеріне баулу. Ұйымдастырушы педагогтар: Оспанова А, Нурдинова Г, Құтыбек А, Ачилова Н, Тастанбекова Ф.