4 сыныптар арасында “Ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі”
Отанын сүйе білуге, бірлікке, ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу, достық, өзара сыйластық ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу мақсатында 4 сыныптар арасында “Ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Сыныптар іс-шараны орыс, өзбек, татар ұлт өкілдері болып бөлініп, сайыс түрінде өткізді. Сайыс “Таныстыру”, “Өз өнерлерін көрсету”, “Жалғасын тап…”, “Ас мәзірі” кезеңдерінен құралды. Оқушылар аса үлкен белсенділік танытты.