«Оқылым дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында коучинг » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқылым дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында коучинг
27
февраль
2023

«Оқылым дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында коучинг

15.02.2023 жылы Ахметова Ләзат Қасенқызы «Оқылым дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында коучинг өткізді.
Коучинг мақсаты: оқылым туралы түсініктерін тереңдете отырып, белсенді оқылым дағдыларын қалыптастыру әдістемесін меңгерту. Коуч тақырыпқа қатысты сұрақтар қоя отырып жетелеп, қызығушылықты оятты.
Сарамандық тапсырмалар арқылы «Білім туралы сөз тіркесін құра», «Білім туралы сөйлем құра», «Білім туралы мақал айт» тапсырмалары арқылы мұғалімдер үш топқа бөлінді. Мұғалімдер «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған идеялар ұсынды. Ол идеялар оқылымның қай кезеңінде жүзеге асатынын түсіндірді. Берілген жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстарды орындап, өз ойларын айтып талқылады. Әр тапсырмадан кейін бағалау жұмыстары жүргізілді.