"Білім алушы ұйым ретіндегі мектеп: бірге үйренеміз" жетекші мектептердің ІІ Аймақаралық онлайн форумы қорытындысы бойынша мектебіміздің марапаттары » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Білім алушы ұйым ретіндегі мектеп: бірге үйренеміз" жетекші мектептердің ІІ Аймақаралық онлайн форумы қорытындысы бойынша мектебіміздің марапаттары
22
декабрь
2021

"Білім алушы ұйым ретіндегі мектеп: бірге үйренеміз" жетекші мектептердің ІІ Аймақаралық онлайн форумы қорытындысы бойынша мектебіміздің марапаттары

alys-hat-zhyma-1.pdf [111,03 Kb] (cкачиваний: 5)
Посмотреть онлайн файл: alys-hat-zhyma-1.pdf
alys-hat-zhyma-2.pdf [111,38 Kb] (cкачиваний: 4)
Посмотреть онлайн файл: alys-hat-zhyma-2.pdf
03.12.2021 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы Нұр Сұлтан қаласы әкімдігінің білім беруді жаңғырту және Алматы қаласы білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталықтарымен бірлескен, "Білім алушы ұйым ретіндегі мектеп: бірге үйренеміз" жетекші мектептердің ІІ Аймақаралық онлайн форумын өткізді.
МАҚСАТЫ:
жетекші мектептердің өз бетінше білім алатын кәсіби қоғамдастық ретінде жұмыс істеу тәжірибесімен алмасу үшін диалог алаңы және жаңа білімді құру тетіктерін анықтау болып табылды.
Форумға мектебіміздің командасы ерекші дайындықпен қатысу формасына сәйкес,
1)" Жетекші мектеп өзін-өзі оқытатын кәсіби қауымдастық ретінде" постерлік бейнепрезентациясын және
2) " Заманауи мектеп балалардың көзімен" бейнеролигін ұсынды.
Команда мүшелері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досқазиева Ботакөз, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жақыпбекова Салия, Шарап Аякөз, биология пәнінің мұғалімі Мүсіреп Ләйла, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатымбаева Жанар КӘСІБИ КВЕСТ командалық сайысқа қатысып керемет білімі мен шеберлігін көрсете білді.Мектеп басшылары форумға дейін «Жетекші мектеп білім алушы ұйым ретінде: бірге үйренеміз» постерлік таныстырылымын және «Замануи мектеп балалардың көзімен» бейнежазба-галереясын дайындауға ынтамен атсалысты.Бұл галерея қатысушыларға қолжетімді болып, жетекші мектеп командалары кері байланыс алу мүмкіндігіне ие болды. Алматы қаласының жетекші мектеп басшылары мен мектеп мұғалімдері Нұр-Сұлтан қаласындағы әріптестерімен тәжірибе алмасты.
«Барлығы табысты сабақ туралы және ол ғана емес...» тақырыбындағы «Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдерінің» Workshop-ына №86 жетекші мектеп командасы, атап айтқанда: Мусаева Қ.А., Досказиева Б. К., Жакыпбекова С.Н, Мүсіреп Л.Қ. тренерімен бірге қатысты. Workshop-қа команда мүшелері: «Тәрбие жобасы: Не үшін? Кімдер үшін? Қалай?» деген тақырыптағы ұзақ мерзімді жобаларын ұсынды.
Форум қалай өтті? Форум жаңалыққа және жағымды эмоцияға толы болды. Форумда туындаған ойлар атқарған жұмыс пен келешек қадамдар туралы ойлануға әсерін тигізеді деп сенеміз.Даму көкжиегіне бірге жылжу «оқушы үшін» екендігі жетекші мектептің майталман ұстаздары үшін де айқын.