Міржақып Дулатов туралы түсірілген көркем фильм » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2023

Міржақып Дулатов туралы түсірілген көркем фильм

«Міржақып. Оян, Қазақ» — Міржақып Дулатов туралы түсірілген көркем фильм. Фильм Қазақстан ұлттық телеарнасының қолдауымен түсірілген 6-сериялық сериал негізінде дайындалды. 2023 жылдың қыркүйегінде фильм қазақстандық прокатқа шықты. Тарихи туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысында, Алматы қаласында, Міржақыптың туған жері Қостанай облысында өтті.
Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы фильмде кезек баяндалады. Осы фильмді мектебіміздің 8 "А", 8 "Б" сыныптары сынып жетекшілері Н.Жылқыбаева мен Ж.Сатымбаева тамашалап қайтты. Басқа да сыныптарды осы фильмді тамашалауға шақырамыз.