А. Байтұрсынұлы көшесіндегі 60-үйді, яғни, ғалымның үйін 8 “А”, 8 “Б” сынып оқушылары сынып жетекшілері Н.Жылқыбаева, Ж.Сатымбаевамен тамашалап қайтты » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А. Байтұрсынұлы көшесіндегі 60-үйді, яғни, ғалымның үйін 8 “А”, 8 “Б” сынып оқушылары сынып жетекшілері Н.Жылқыбаева, Ж.Сатымбаевамен тамашалап қайтты
12
октябрь
2023

А. Байтұрсынұлы көшесіндегі 60-үйді, яғни, ғалымның үйін 8 “А”, 8 “Б” сынып оқушылары сынып жетекшілері Н.Жылқыбаева, Ж.Сатымбаевамен тамашалап қайтты

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ үшін қасиетті есім. А. Байтұрсынұлы көшесіндегі 60-үйді, яғни, ғалымның үйін 8 “А”, 8 “Б” сынып оқушылары сынып жетекшілері Н.Жылқыбаева, Ж.Сатымбаевамен тамашалап қайтты. Музей-үй төрт бөлме және бір жертөледен тұрады. Оның бір бөлмесі – ахметтану дәрісханасы. Үш залда ғалымның шығармашылық ғұмырына қатысты экспонаттар жасақталған.                                            Бірінші зал: «Ұлттық рухымыздың қайта оралуы», Екінші зал: «Қазақ санасының шамшырағы», ал Үшінші зал: «Саясат құрбаны» деп аталып, онда ғалымның істі болған, түрмедегі кезеңдері қамтылған. Музей-үй ғұлама ғалымның ғибратты жолын тәуелсіз мемлекеттің салауатты ұрпақтарының жадында, Алаш зиялылары: А. Байтұрсынұлы мен оның замандастарының аяулы есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатында «Тұлғалар тағылымына –тағзым» атты бағдарлама аясында көрермендерге қызмет көрсетеді.