Жас мамандардың жоспарларына сараптама жұмыстарын жүргізіліп, қолдау көрсетілді. » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас мамандардың жоспарларына сараптама жұмыстарын жүргізіліп, қолдау көрсетілді.
09
ноябрь
2023

Жас мамандардың жоспарларына сараптама жұмыстарын жүргізіліп, қолдау көрсетілді.

Мектеп-гимназияның жас және іс-тәжірибесі аз педагогтарына оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған онкүндік аясында педагог-шебер, педагог-зерттеуші қазақ тілі мен әдебиетінің ұстаздары жас мамандарға коучинг өткізді. Л.Ахметова, А.Оспанова, Б.Досказиева, Н.Шалқарбаева, А.Унербаева жас мамандардың жоспарларына  сараптама жұмыстарын жүргізіп, ұстаздар жас ұстаздардың жинақталған күнделікті сабақ жоспарларына әдістемелік көмек көрсетті. Жас ұстаздар қысқа мерзімдік жоспар жасауда қиындық тудыратын сұрақтарын қойып, шешімін тәжірибелі ұстаздармен бірге тапты.

Похожие публикации: