“ Ақыл айтпа, жол көрсет”, “Жасөспірімдердің бейімделуі” тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы өтті » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ Ақыл айтпа, жол көрсет”, “Жасөспірімдердің бейімделуі” тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы өтті
15
январь
2024

“ Ақыл айтпа, жол көрсет”, “Жасөспірімдердің бейімделуі” тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы өтті

Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау аясында “ Ақыл айтпа, жол көрсет”, “Жасөспірімдердің бейімделуі” тақырыбында 7 “А” сынып жетекшісі Қарабатырова Арайлым мен 8 “Б” сынып жетекшісі Сатымбаева Жанар бірігіп ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағын  өтті. 
Сабақтың мақсаты: тәрбиенің ең тамаша жері  отбасы екенін,
олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің
жоғары екенін айту, баламен қарым-қатынасты
жақсарту.
Сабақ басында ата-аналар өздерінің балаларының бастапқы әріпінен басталатын жақсы қасиеттерін айтты. Бейнебаян көрсетіліп, талдау жүргізілді. Ата-аналар өз ойларын ортаға белсенді салды. Балалар бейнебаянға жазылған арнайы ата-аналарға сұрақ қойды. Көкейлерінде жүрген, бірақ қоюға ыңғайсызданып жүрген сұрақтарын  қою арқылы, ата-ана мен балалардың арасында жақындық, жылулық артты. 
 Өте маңызды тақырыптарды қамтыды. Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, жағымды лебіздерін білдірді.