«Тіл сақшысы» тақырыбында зерттеу сабағы » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2023

«Тіл сақшысы» тақырыбында зерттеу сабағы

22.02.2023 жылы Ахметова Ләззат Қасенқызы 10-сыныптарда «Тіл сақшысы» тақырыбында зерттеу сабағын өтті.
Сабақтың бірінші кезеңінде Тіл сақшыларының мүшелері өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.
Телеарнаның кейбір бағдарламасындағы ана тілінің жағдайы туралы 10«В» сынып оқушысы Әбітаева Нұрдана өз ойымен бөлісті.
Қаламызда жарнамаларда жіберілген олқылықтар туралы 10 «Г» сынып оқушысы Тайлан Жанель өз көзқарасын білдірді.
Мектептегі кейбір оқушылардан алынған сауалнамада оқушылардың әлі де таза қазақ тілінде сөйлемейтіні туралы 10«Б» сынып оқушысы Бақытжан Сезім өзінің сын пікірін айтты.
Тіл сақшылары қазіргі кездегі өзекті мәселелерді қозғады. «Тілдің шұбарлануы ұлтқа төнген қауіп екенін, тілдің сақтаушысы да, сақшысы да сендерсіңдер» – деп, көрермендермен пікір алмасты.
Сабақтың екінші кезеңінде 10- сынып оқушылары «TEDx» алаңында «Таратуға тұрарлық идеялар бізден басталады» ұранымен өз ойларын ортаға салды.
Алғашқы спикер 10 «А» сынып оқушысы Азаматқызы Айдана «Кітап оқу не үшін керек?» тақырыбында оқушыларға тиімді кеңестер айтты. Ол өзінің «30 кітап, 30 ән» жобасында оқыған кітаптарынан мысалдар келтірді. Қазақ жазушыларының шығармаларын әлем әдебиетімен салыстырып, кітап оқудағы жеткен жетістіктері туралы қызықты дәлелдер келтіріп, оқушылардың әдеби шығарманы қалай тиімді оқуға болатыны туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Спикер10«А» сынып оқушысы Құрмаш Бақтияр «Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы үшін не істеу керек?» тақырыбында ой қозғады. Әр адам мемлекеттік тілдің, қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін не істеу керектігіне тоқталып, мектепте өткізіліп жатқан шараларман әлемдік деңгейде өтіліп жатқан «TEDx» алаңындағы спикерлердің сөздерінен дәйектер келтіре отырып, тың пікірлер айтты. Әбдіғалиева Айым мен Олжабай Айдана қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы үшін әркім өзінен бастау керек деп өз ойларын ортаға салып, таза қазақ тілінде сөйлемеген оқушыларға сын айтты.
Спикер10«А» сынып оқушысы Мұхтар Аяжан «Еріншектің ертеңі бітпестің кейпінен арылу үшін жасалатын он қадам» деп, өзінің өмірде қолданатын қарапайым тәсілдерін ұсынды

Похожие публикации: