2022-2023 оқу жылында “Өзін-өзі басқару” ұйымының басшысы,әрі “Мектеп Президенттігіне” сайлау өтті. » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылында “Өзін-өзі басқару” ұйымының басшысы,әрі “Мектеп Президенттігіне” сайлау өтті.
13
сентябрь
2022

2022-2023 оқу жылында “Өзін-өзі басқару” ұйымының басшысы,әрі “Мектеп Президенттігіне” сайлау өтті.

Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясында 2022-2023 оқу жылында “Өзін-өзі басқару” ұйымының басшысы,әрі “Мектеп Президенттігіне” сайлау өтті. Сайлауға 5 оқушы өз кандидатурасын ұсынды:
Тоқаева Жанерке - 9 “Б” сынып
Бердәлі Ханшайым - 9 “В” сынып
Мұхтар Аяжан - 10 “А” сынып
Нұрсұлтан Елдана - 10 “А” сынып
Саматов Жан - 10 “В” сынып.
Сайлауға қатысуға өтініш берген оқушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын алдын ала таныстырды. Мектеп оқушылары мен ұстаздары кандидаттардың бағдарламалары бойынша дауыс берді. Сайлау әділ өтті. Сайлауға 6-11 сынып оқушыларынан 435 оқушы қатысты. 4 бюллетень жарамсыз деп танылды. Сайлау нәтижесі бойынша 57% айқын басымдықпен 10 “В” сынып оқушысы Саматов Жан “Мектеп Президенті” болып сайланды. Кандидатурасын ұсынған үміткерлер ұйым басшылары болуға шақырылды.
Ұйым мүшелеріне сәттілік тілейміз 👏